
Цитологиялық скрининг үшін материалды алу әдісіне оқыту және әйелдерді тексеру әдісі бойынша 3-күндік семинар
Дата: 2013-04-29 11:26:58
2013 жылдың 17-19 сәуірі аралығында ШЖҚ «ПООД» КМК базасында Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары және Павлодар ауданы ЕАҰ акушерлері үшін, қатерлі жаңа өскін мен обыр алды ауруларын ерте диагностикалау мен емдеуді, алдын алуды одан ары жақсарту мақсатында, цитологиялық скрининг үшін материалды алу әдісіне оқыту және әйелдерді тексеру әдісі бойынша 3-күндік семинар өтті. Теориялық және практикалық оқытуды ШЖҚ «ПООД» КМК дәрігерлері жүргізді.