
ПООД-ға кіріп шығу
Дата: 2014-01-21 09:07:13
2014 жылғы 16 қаңтарда ШЖҚ «ПООД» КМК-ға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Г.К. Сәдібеков жоспарлы сапарымен келді. Әкім орынбасары диспансер бөлімшесін, эндоскопиялық бөлімшені, суәлемен емдеу бөлімшесін, реанимация және анестезиология бөлімшесін және жалпы онкология бөлімшелерін аралады. Сапар барысында онкологиялық диспансердің жабдықтандырылуы, жағдайы туралы мәселелер, Павлодар облысындағы онкологиялық қызметтің негізгі көрсеткіштері туралы және жаңа онкологиялық диспансерді салу бойынша жобасының мемлекеттік сараптамасын өткізу жөнінде сөз қозғалды.