
ҚР онкологтары мен радиологтарының V съезі
2014 жылғы 29-30 сәуір аралығында ШЖҚ «ПООД» КМК-нің 11 онколог және радиолог дәрігерлері Алматы қаласы ҚазОэРҒЗИ-дің базасында өткен ҚР онкологтары мен радиологтарының Vсъезіне қатысты. ШЖҚ «ПООД» КМК-нің директоры М.Қ. Сүлейменов «ҚР денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» құрметті медальмен марапатталды. Съездің бөлімдерінде ШЖҚ «ПООД» КМК-нің онколог уролог дәрігері Е.К. Негманов «Павлодар облысында қуық асты безі қатерлі ісігінің скринигі бойынша пилоттық жобасының нәтижелері» баяндамасын оқыды. ШЖҚ «ПООД» КМК-нің кеуде қуысы бөлімшесінің меңгерушісі В.А. Кравчук «ПООД-да пульмонологиялық комиссиясы жұмысының тәжірибесі» баяндамасын оқыды.
ҚР онкологтары мен радиологтарының V съезінің тезистері жинағында Павлодар облыстық онкологиялық диспансер дәрігерлерінің 10 тезисі жарияланды.