
Асқынған жағдайларды талқылау бойынша штаб отырысы
Дата: 2014-08-18 08:09:35
2014 жылғы 24 шілдеде ДСБ мәжіліс залында асқынған жағдайларды талқылау және онкоқызметті дамыту комиссиясының отырысы өтті. Отырыста Ақтоғай ауданы онколог дәрігерінің есебі, ОНЭТ порталында қала және аудан онкологтарының жұмысы және 65 жастан асқан тұлғалардың профилактикалық тексерісін өткізу жөнінде ақпарат тыңдалды. Асқынған онкологиялық жағдайлар талқыланды. Онкоқызметке жауапты қала және аудандардың БМСК ЕАҰ бас дәрігерлерінің орынбасарлары, аудандық онкологтар, ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК дәрігерлері қатысты.