контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; 66-00-97; 66-00-98. e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: Павлодар қ., Российская, к. 57/3

Онкологиялық диспансер қызметінің 2014 жылғы қорытындысы

Дата: 2015-01-20 10:34:52

2014 жылғы қызметтің қорытындылары бойынша онкологиялық диспансер Қазақстан Республикасында онкологиялық қызметті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасына енгізілген негізгі  көрсеткіштерге жетті. Олар: қатерлі ісіктердің асқынуын азайту, ерте диагностиканы және бес жыл тірі қалуды ұлғайту, тәуліктік стационарда емделген науқастар санын азайту, кұндізгі стационарда емделген науқастар санын арттыру, сонымен бірге амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекетрдің қолжетімділігін кеңейту.

2014 жылы диспансерде видеоэндоскопиялық құралдың сатып алынуына байланысты ішек-қарын жолы, әйелдердің жыныстық мүшелері және несеп шығару жүйесінің органдарына 200-ден астам ота жасалды.

Диспансерде құны 93 млн. теңге, диагностиканы жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық рентген аппарат орнатылды.  .

Диспансердің 20 дәрігері Қазақстанда, Ресейде, Кореяда оқыды. 

Облыста онкологиялық жағдайды жақсартудың негізгі проблемасы асқыну көрсеткішін, әсіресе көзге көрінетін ісіктер арасында асқыну көрсеткішін, онкологиялық ауру салдарынан өлім-жітімді азайту болып табылады. Онколог дәрігерлердің біліктілік деңгейін арттыру, онкология мәселелері бойынша жалпы емдеу желісінің дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлері арасында тиімді жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасының және шектес аймақтардың онколог дәрігерлерімен тығыз қызметтестік жасау, дәрігерлер жүргізетін ісікке қарсы насихаттың сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңа, озық технологияларды және зерттемелерді енгізу облыста онкологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.