
Газеттегі мақала
18.09.2015ж. облыстық газетте «Павлодарлық жұмыс берушілерге ұжымдық шартқа жұмысшылардың міндетті медициналық тексеруден өтуі туралы тармақшасын енгізуді ұсыну» атты И.Волкованың мақаласы жарияланды.Онда онкологиялық мәселелер жөніндегі аппаратты жиналыста ШЖҚ «ПООД» КМК-ның директоры М.К. Сулейменов онкологиялық қызметтегі мәселелер мен оны шешетін скринингтік бағдарламалар, ПООД жаңа құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, диспансер дәрігерлерін ұдайы және сапалы оқыту, науқастарды емдеуге жаңа тиімді препараттарды қолдану, ҚР азаматтарының өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру мақсатында онкологиялық ауруларды тиімді диагностика жүргізуді дамыту туралы айтып өтті. Сонымен қатар, аппараттық жиналыста аймақ әкімі Қ.Бозымбаев еңбек басқармасына, индустриалды-инновациялық дамыту, сауда және туризм кәсіпкерлігіндегі ұжым шарттарында міндетті медициналық тексеруден өту туралы өзгерістер енгізуін қарастыруын тапсырды.