
Салтанатты жиналыс.
18.12.2015ж. ШЖҚ «ПООД» КМК-да Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздік Күніне арналған ҚР ұлттық марапатын тапсыруға негізделген салтанатты жиын болып өтті. ҚР ұлттық бизнес- рейтинг одағы денсаулық сақтау саласының ұйымдары арасындағы нәтижелерін қорытындылау барысында, ШЖҚ «ПООД» КМК сапалы медициналық қызмет көрсету бойынша жоғары нәтижелер көрсеткені үшін «Медицина мақтанышы» мадақтамасына ие болды. Осыған байланысты, онкодиспансер ұжымына «Медицина мақтанышы» сертификаты және «Гипократтың ұлы мұрасы» қабырға медалі табысталды. ШЖҚ «ПООД» КМК директоры М.К.Сулейменовке медицина саласына зор үлес қосқаны және жоғары кәсіпқойлығы үшін «Медицина саласындағы қызметі үшін» ордені табысталды. «Қайырымды жүрек» атаулы медалімен ШЖҚ «ПООД» КМК-ның радиологиялық бөлімшесінің меңгерушісі В.Н.Сиченко ие болды. Сонымен қатар, «2015ж. жыл маманы» ұлттық сертификатымен УДЗ-дәрігері Ж.А.Сулейменова, пато-морфологиялық зертхана меңгерушісі- С.С.Черняков, кеуде қуысы хирургы –Т.Б.Альгожин және бас медбике- Ш.Ж.Ибраимова марапатталды.