контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; 66-00-97; 66-00-98. e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: Павлодар қ., Российская, к. 57/3

Врачи

Дәреже: Врачи

Сулейменов Мурат Куснуллович

Сулейменов Мурат Куснуллович

 

«ПООД» ШЖҚ КМК директоры

1978 жылы Қарағанды медициналық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын дәрігер-онколог ретінде бастаған, жоғары кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 1984 жылы Павлодар өңірінің онкологиялық қызметін басқарды.

М.К. Сүлейменов – 40 ғылыми мақала мен ғылыми-практикалық еңбектің, 2 өнертабыстың және 6 рационализаторлық ұсыныстардың авторы. 1988 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі, 2001 ж. – «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» төс белгісі, 2005 ж. – «Шапағат» медалі, 2005 ж. – «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі, 2013 ж. –«Ерен еңбегі үшін» медалі және «Денсаулық сақтау үздігі - менеджер» дипломы, 2014 ж. – «Қазақстан Даңқы» ордені, 2014 ж. – Невада Семей 25 жылдығына арналған мерейтойлық медаль , 2014 ж. - «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі, 2015 ж. –Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі, 2017 ж. –«Денсаулық сақтау саласындағы еңбегі үшін» төс белгісі, 2019 ж. – «Құрмет» ордені, 2021 ж. – «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» мерейтойлық медалі, 2024ж. – «Еңбек ардагері» медалі табысталған.

Альгожин Тельман Бахытович

Альгожин Тельман Бахытович

 

Медициналық бөлім жөніндегі директордың орынбасары

2018 жылдан бастап бас дәрігердің емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін Тельман Бахытович Альгожин атқарады. 1998–2001 жылдары ПООД-ның ұйымдастыру-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болды. Осы кезеңде Хьюстон қаласындағы (Техас штаты, АҚШ) Бейлор медициналық колледжінің әріптестерімен бірлесіп, халықаралық стандарттарға сәйкес өңірлік популяциялық қатерлі ісік тіркелімін зерттеу және әзірлеу жұмыстарына тікелей қатысты. Сонымен қатар ПООД-ның торакалдық бөлімшесінде хирургиялық және емдеу қызметін қоса атқарды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Аскарова Асель Токмагамбетовна

Аскарова Асель Токмагамбетовна

 

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары

2024 жылдан бастап ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары қызметін Аскарова Асель Токмагамбетовна атқарады. 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған. Оқуын аяқтағаннан кейін Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында статистик-дәрігер қызметінен еңбек жолын бастады. Бұл қызметте мекеме жұмысының көрсеткіштерін талдау, есептілікті қалыптастыру және статистикалық есепті жетілдіру мәселелерімен айналысты. 2017–2018 жылдары Қарағанды облыстық онкологиялық диспансерінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Қызметі аясында құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жоспарлау, талдау және үйлестіру мәселелерін қадағалап, медициналық көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастыру-әдістемелік іс-шараларды әзірлеуге қатысты. 2019 жылдан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде еңбек қызметін жүзеге асырып келеді.

Ибраимова Шолпан Жумабаевна

Ибраимова Шолпан Жумабаевна

 

Мейіргер ісі жөніндегі директордың орынбасары

Шолпан Жұмабайқызы Ибраимова 1983 жылы медициналық училищені тәмамдағаннан кейін ПООД-да еңбек жолын бастады. 2001 жылдан бастап диспансердің бас мейіргері қызметін атқарды. 2021 жылы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ-да мейіргер ісі мамандығы бойынша білім алып, денсаулық сақтау бакалавры дәрежесіне ие болды. Сол жылы мейіргер ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Трубач Светлана Давыдовна

Трубач Светлана Давыдовна

 

Экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары

Трубач Светлана Давыдовна 1986 жылы Новосибирск халық шаруашылығы институтын «Материалдық-техникалық жабдықтауды экономикалау және жоспарлау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012–2014 жылдары «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК-да қаржы жөніндегі экономист болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылдан бері экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарады.

Боромбаев Ульфат Толеугалиевич

Боромбаев Ульфат Толеугалиевич

 

Жалпы онкология бөлімшесінің меңгерушісі, онкохирург

Боромбаев Ульфат Толеугалиевич 1988 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. 1988 жылдан 1989 жылға дейін "Хирургия"мамандығы бойынша Павлодар қаласының № 2 қалалық ауруханасы базасында интернатурада оқыды. Еңбек жолын 1985 жылы Семей станциясының бөлімшелік ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің мейіргер лауазымынан бастады, онда 1987 жылғы тамызға дейін жұмыс істеді. Интернатураны аяқтағаннан кейін 1989 жылы 14 тамызда Успенка аудандық ауруханасына хирург дәрігер лауазымына қабылданды. 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде диспансерлік бөлімшенің онколог дәрігері болып жұмыс істеді, ал 2000 жылдың 29 ақпанынан бастап жалпы онкология бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады. Диспансер басшылығының тікелей қолдауымен У.Т. Боромбаев 2014 жылдан бастап бөлімшеде асқазан-ішек жолдарының, әйел жыныс мүшелерінің, несеп-жыныс жүйесінің онкологиялық аурулары кезінде жоғары технологиялық эндобейнехирургиялық операциялар енгізді және орындады. Операциялық араласулар жиынтығы үнемі кеңейіп, операциялардың жаңа түрлері енгізіліп жатыр.

Кравчук Валерий Анатольевич

Кравчук Валерий Анатольевич

 

Торакальдық бөлімшенің меңгерушісі, онкохирург

Кравчук Валерий Анатольевич – жоғары санатты дәрігер, онкохирург. 1989 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1989–1991 жылдары СММИ базасында «Онкология» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада білім алған. 1991 жылдан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде қызмет атқарады. 1994 жылы торакальды бөлімшенің меңгерушісі болып тағайындалған. Новокузнецк, Новосибирск және Алматы қалаларында біліктілігін арттыру курстарынан өткен. 1990 жылы (Ленинград қ.) өткен КСРО гастроэнтерологтарының IV съезіне, 2002 жылы (Алматы қ.) онкология мәселелері бойынша халықаралық конференцияға, 2004 жылы (Минск қ.) ТМД елдері онкологтары мен радиологтарының съезіне, 2007 жылы (Астана қ.) Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының съезіне делегат ретінде қатысқан. Сондай-ақ 2011 жылы (Измир, Түркия) өткен Шығыс Еуропа онкологтарының форумына, 2013 жылы (Томск, Ресей) «Өкпе обырын диагностикалау және емдеу мәселелері» халықаралық конференциясына, 2013 жылы (Омск, Ресей) «Онкологиядағы мультидисциплинарлық тәсілдер» халықаралық конференциясына, 2014 жылы (Алматы қ.) өткен Қазақстан онкологтары мен радиологтарының V съезіне қатысқан. 50-ден астам ғылыми жарияланымның және 16 рационализаторлық ұсыныстың тең авторы. 

Сиченко Виктория Николаевна

Сиченко Виктория Николаевна

 

Радиологиялық бөлімшесінің меңгерушісі, радиолог-дәрігер

Сиченко Виктория Николаевна 1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. 1993 жылдың 30 шілдесінде Семей мемлекеттік медициналық институтының клиникалық ординатурасын аяқтаған соң, өзінің еңбек жолын анестезиолог-дәрігер лауазымы бойынша Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде бастады. 1997 жылдың 1 қазанында радиология бөлімшесіне радиолог-дәрігер ретінде қабылданды. Ал 2000 жылдан бастап бөлімше меңгерушісі болып қызмет етеді. Жұмыс істеу барысында төмендегідей білім жетілдіру курстарынан өтті: 2011 жыл – МАГАТЭ курстарында оқу (Мәскеу қаласы) «Радиациялық қауіпсіздік пен клиникалық дозиметрия»; 2013 жылы СММА ДБЖФ базасында – «Қатерлі ісіктерді емдеу мен диагностикалаудың жаңа әдістері»; 2017 жылы Астана Медициналық университетінің базасында – «Сәулелік диагностиканың өзекті мәселелері сонымен бірге балалар жасы»; 2018 жылы «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» базасында – «Клиникалық онкологияның жеке мәселелері». 2016 жылы жоғары біліктілік санатын иеленді.

 

 

 

Дуйсенбинов Еркин Райзаевич

Дуйсенбинов Еркин Райзаевич

 

 

 Химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі, химиотерапевт-дәрігер

Дуйсенбинов Еркин Райзаевич 2009 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық академиясын, ал 2010 жылы акушер-гинеколог біліктілігін берумен интернатураны аяқтады.  2010 жылы «Онкология» мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтті. 2010 жылдан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде онколог дәрігері лауазымында, ал 2018 жылдан химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарады. Клиникалық онкология мәселелері жөніндегі кәсіби сараптамалық кеңестердің сарапшысы, кәсіби онкологиялық қауымдастықтардың, Қазақстан онкологтар қауымдастығының (European Society for Medical Oncology (ESMO), American Society of Clinical Oncology (ASCO), Ресей клиникалық онкология қоғамының (RUSSCO) мүшесі болып табылады. 

 

Лозовой Виталий Виталиевич

Лозовой Виталий Виталиевич

 

Анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі

1983 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Семей мемлекеттік медицина институтына «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1989 жылы бітірді. 1989 жылдың тамыздың 1-і мен 1990 жылдың шілденің 1-і аралығында Семей мемлекеттік медицина институтының интернатурасында «Терапия» мамандығы бойынша оқыды. В.В. Лозовой еңбек жолын 1988 жылы Семей қ. ет комбинатының медсанбөлімінде неврологиялық бөлімшесінің мейіргер болып бастады, онда 1989 жылға дейін жұмыс істеді. 1991 жылғы 1 тамыздан 1994 жылғы 7 қарашаға дейін Семей облысы Новая-Шульба ауылының ОАА анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмыс істеді. 1994 жылдың 1-нші қарашасында Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне реаниматолог дәрігері болып жұмысқа қабылданды. 1998 жылдың 7-нші тамызынан бастап анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды. В.В. Лозовой – жоғары біліктілік санатты анестезиолог дәрігері. 16 баспа жұмысының авторы.

Джаманбаев Марат Габдулаевич

Джаманбаев Марат Габдулаевич

 

Операциялық бөлімшенің меңгерушісі

Екінші санатты онколог-дәрігер. 1999 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық академиясын аяқтады. 1999-2000 жылдар аралығында Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өтті. 2000 жылы Павлодар облыстық онкологиялық диспансердің диспансер бөлімшесіне онколог-дәрігер болып қабылданды. 2000 жылы АМДБЖИ базасында "Онкологиялық ауруларды диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістері", 2002 жылы "Кеуде қуысы және сүт безі ісіктерінің таңдаулы мәселелері", 2003 жылы СММА ПФ базасында "Эндоскопиядағы диагностиканың және медеудің таңдаулы мәселелері"қырыбында маманданудан өтті. Бірнеше баспа жұмыстарының серіктес авторы.

Борисенко Сергей Владимирович

Борисенко Сергей Владимирович

 

Диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі

Борисенко Сергей Владимирович 1996 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Ақмола мемлекеттік медицина академиясына «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2002 жылы бітірді. 2002 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2003 жылдың 18 маусымына дейін Қазақ мемлекеттік медицина академиясында «Уролог» мамандығы бойынша интернатурада оқыды. 2005 жылғы 27 маусымда Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне қабылданды, онда қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді: 27.06.2005ж.-02.04.2007ж. аралығында - диспансерлік бөлімшенің облыстық қабылдау онколог дәрігері; 02.04.2007 ж.-10.09.2018 ж. - онколог-маммолог дәрігері; 2018ж.10.09. бастап диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі қызметін атқарады. С.В. Борисенко – жоғары біліктілік санаттағы онколог дәрігері.

бiрiншiсi алдың. 1 2 соңғысы