контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; 66-00-97; 66-00-98. e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: Павлодар қ., Российская, к. 57/3

Врачи

Дәреже: Врачи

Жансагимов Булат Ержанович

Жансагимов Булат Ержанович

 

Эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі

Кеңес Әскері қатарындағы қызметінен кейін 1992 жылы Семей мемлекеттік медициналық академиясында "Емдеу ісі" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1998 жылы аяқтады. 1995 жылдың 31 желтоқсаны мен 1998 жылдың 17 сәуірі аралығында оқумен қатар Семей қаласындағы СММА клиникасының-облыстық аурухананың қарқынды терапия бөлімшесінде мейіргер болып жұмыс істеді. 1998 жылдың 28 қыркүйегі мен 1999 жылдың 17 қыркүйегі аралығында Павлодар облысының Ішкі істер органдарында фтизиатр-дәрігер лауазымында қызмет атқарды. 1999 жылдың 27 қыркүйегінен бастап 2011 жылдың 21 қарашасына дейін Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің анестезиология бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмыс істеді. 2011 жылдың 22 қарашасынан 2012 жылдың 17 қазанына дейін Павлодар қаласында облыстық туберкулезге қарсы диспансерін басқарды. 2013 жылдың 4 қарашасы мен 2014 жылдың 1 сәуірі аралығында Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінде анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі болып еңбек етті. 2014 жылғы 1 маусымда Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне анестезиолог және реаниматолог дәрігер лауазымына қайта қабылданды, ал 2014 жылғы 1 қазаннан бастап эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады.

Черняков Сергей Станиславович

Черняков Сергей Станиславович

 

Патоло-анатомиялық бөлімшесінің меңгерушісі, патологоанатом дәрігері

1999 жылдан бастап ПООД-да патологоанатом дәрігер болып қызмет атқарды. 1998 жылы Астана қаласының мемлекеттік медициналық академиясын аяқтады. 1999 жылы АМДБЖИ базасында алғашқы маманданудан өтті. 2006 жылы "Иммуногистохимиялық техниканың негіздері және нәтижелерді түсіндіру" тақырыбы бойынша Санкт-Петербург қаласының Орталық ренгтгенрадиологиялық ғылыми-зерттеу институты базасында тақырыптық жетілдірілуі өтті. 2004 жылы патологоанатом дәрігердің екінші біліктілік санаты берілді. 2003 жылдан бастап патоморфологиялық зертханасының меңгерушісі қызметін атқарады. Бірнеше рет мамандығы бойынша тақырыптық біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Соңғы біліктілігін арттыруы 2014 жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласындағы РМАПО базасында «Бүйрек, несеп шығару жолдары және ерлердің жыныс ағзалары ауруларының патологиялық анатомиясы» тақырыбы бойынша өтті. 2013 жылы патологоанатом дәрігері ретінде жоғары біліктілік санаты берілді.

Чакенова Баян Канатовна

Чакенова Баян Канатовна

 

Сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі

Орта мектепті бітіргеннен кейін 1986 жылы Павлодар медициналық училищесіне оқуға түсіп, 1989 жылы Павлодар трактор зауытының медсанбөлімшесінің аға мейіргері лауазымында еңбек жолын бастады. 1990 жылы Семей мемлекеттік медицина институтына емдеу факультетіне "Емдеу ісі" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1996 жылы аталған институттың толық курсын бітірді. 1996 жылдың 1 тамызында Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің рентген кабинетінің рентгенолог дәрігері лауазымына қабылданды. 2013 жылдың 25 қарашасында осы бөлімшенің меңгерушісіне ауыстырылды.

Мукушева Айгуль Хамитовна

Мукушева Айгуль Хамитовна

 

Цитологиялық зертхананың меңгерушісі

1994 жылғы 4 тамыз бен 2000 жылғы 29 маусым аралығында Ақмола мемлекеттік медицина академиясында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алды. 2000 жылғы 1 қыркүйектен 2001 жылғы 30 маусымға дейін Ақмола мемлекеттік медицина академиясында «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша интернатурада оқыды. 2001 жылғы 17 шілдеде Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне цитологиялық зертхананың зертханашы-дәрігері қызметіне қабылданды. 2009 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК-да цитологиялық зертхананың меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Ибраимова Жайнагуль Кадырмолдиновна

Ибраимова Жайнагуль Кадырмолдиновна

 

Клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісі

1993–1999 жылдары СММУ-де білім алды. Университетті аяқтағаннан кейін «Жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша резидентураға түсті. Резидентураны тәмамдаған соң Семей қаласындағы Перинаталдық орталықтың клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде зертхана меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Темиргалиева Акжаркын Амерхановна

Темиргалиева Акжаркын  Амерхановна

 

Ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі

1993 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын терапевт-дәрігерқызметінен бастады. 2013 жылдан бастап ультрадыбыстық диагностика саласында жұмыс істейді. 2016 жылдан бері ультрадыбыстық диагностика бөлімінде қызмет атқарады. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК-да ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Оразалина Жазира Айбековна

Оразалина Жазира Айбековна

 

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі

2018 жылы «Астана медицина университетін» «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша тәмамдады. Оқуын аяқтағаннан кейін Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының емдеу бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы қызметінен еңбек жолын бастады. 2019 жылдан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде жұмыс істейді, ұйымдастыру-әдістемелік қызмет саласында кәсіби қызметін жалғастыруда. 2024 жылдан бастап ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі болып табылады.

Алимгожинова Әсел Сапарғалиқызы

Алимгожинова Әсел Сапарғалиқызы

 

Қабылдау бөлімінің меңгерушісі

Алимгожинова Әсел Сапарғалиқызы - екінші санатты дәрігер-онколог (санаты 2025 жылы берілген). 2016 жылы «Семей медициналық университеті» КеАҚ-да «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша интернатураны тәмамдаған. Еңбек жолын Павлодар қаласындағы №4 емханада жалпы тәжірибелік дәрігер болып бастаған. 2017–2019 жылдары «Онкология» мамандығы бойынша «Семей медициналық университеті» КеАҚ Павлодар филиалы базасында, Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде резидентурада білім алған. Резидентураны аяқтағаннан кейін еңбек жолын Павлодар қаласындағы №5 емханада онколог-маммолог дәрігері ретінде жалғастырған. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде қызмет атқарып келеді, қазіргі уақытта қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

бiрiншiсi 1 2 кел. соңғысы соңғысы