Ержанов Ерлан Кенжебайұлы

Ержанов Ерлан Кенжебаевич 1975 жылдың 21 тамызында Екібастұз қаласында, дәрігерлер отбасында дүниеге келді.
1992 жылы №10 орта мектептің 11 сыныбын бітіріп, Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1998 жылы емдеу ісі бойынша аяқтадым. Институтты аяқтаған соң «Екібастұз қалалық ауруханасы» КҚМК-на, неврология бөліміне дәрігер ординатор ретінде қабылдандым. 2002 жылы «Екібастұз қаласының №2 емханасы» КҚМК дәрігер невропатолог лауазымына ауысты.
2007 жылдың тамыз айынан бастап Екібастұз қаласының емдеу профилактикалық жұмыс координатор бөлімінің бас маманы.
2009 жылдың қыркүйек айында «Психоневрологиялық диспансер»ММ-нің бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
2013 жылдың тамыз айынан бастап «Екібастұз қаласының №3 емханасы» бас дәрігері қызметін атқарды.
2014 жылдың қазан айынан 2016 жылдың қазан айы аралығында «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігері. 2016 жылдың қазан айынан бастап «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК КДК бөлімінің меңгерушісі. 2017 жылдың қаңтар айынан мамыр айы аралығында ШЖҚ «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігердің міндетін атқарып, 2017 жылдың мамыр айынан бастап бас дәрігер қызметіне тағайындалды.
2018 жылғы 15 тамыздан бастап «Павлодар облыс денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басшы орынбасарының м.а. қызметіне тағайындалды