Жанат Кұттұмбетқызы Есімова

«Павлодар облыстық тіс емханасы» КМҚК бас дәрігері
1965 жылы 06 мамырда Павлодар облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Павлодар педагогикалық институты, Семей мемлекеттік медициналық академиясы.
Жанат Кұттұмбетқызы – жоғары санатты «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» дәрігері, аккредитталған тәуелсіз сарапшы, «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас стоматолог-дәрігері, тәжірибелі, жұмыс өтілі мол, жоғары санатты стоматолог дәрігер, шыдамдылығы, жасампаздығы, талпынысы мол, жоғары кәсіпқой, заманауи басшы.
Жанат Кұттұмбетқызының басшылығымен сапалы стоматологиялық қызмет көрсету бойынша мақсатты тиімді жұмыстар іске асырылып жатыр.
Жанат Кұттұмбетқызы емханада жұмыс істеу үшін оңтайлы шешім қабылдайды, емхананың материалды-техникалық базасын жақсартып, балалар мен ересектерге сапалы стоматологиялық көмек көрсету үшін инновациялық технологияларды енгізумен айналысады. Әлеуметтік серіктестікті кеңейту жөнінде тиімді шараларды жүзеге асырып отыр.
Біліктігін арттыру курстарына қатыса отырып, өзінің кәсіби шеберлігін жоғарлатуға үнемі тырысады, халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық семинарларға, конференцияларға белсене қатысады.
Тіс жегін алдын алу бойынша іс-шараларды танып-білуге және оны істеуге қатысады. 110 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 15-і халықаралық маңызы бар шығарылымдар. Тісті емдеу стоматологиясы аясындағы патенттері (2012ж. 17 ақпандағы №25530, 2012ж. 02 тамыздағы №26038, 2012ж. 25 желтоқсандағы №26557, 2013ж. 18 желтоқсандағы №27861) және стоматология аясындағы авторлық өнертапқыштары (2013ж. 17 қазандағы №84434, №84432, №84825) бар.
Жанат Кұттұмбетқызы құралдармен тексеру әдістерін жетік меңгерген. Оның басшылығымен заманауи және дәл диагностика жүргізіледі. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Стоматология қызметінің үздігі», «За заслуги в медицинской сфере», «Почетный гражданин Евразийского Союза Государств» төс белгілерімен бірнеше рет марапатталған .
Жанат Кұттұмбетқызы басқарып отырған емхана 2016 жылы «Лучшее предприятие Республики Казахстан» атанған. Осы көрсеткіш ең үздік көрсеткіштердің бірі және ол «Лидер отрасли» ұлттық сертификатымен, медалімен расталған.
Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға ықпал еткені үшін, емхана қызметінің даму көрсеткіштері жоғары болғаны бойынша 2016 жылы «ГОРДОСТЬ МЕДИЦИНЫ» мәртебесін иеленген және «ВЕЛИКОЕ НАСЛЕДИЕ ГИППОКРАТА» медалін алған.
Жанат Кұттұмбетқызының басшылығымен емхананың қызметкерлері облыстық конкурстарға, жарыстарға белсене қатысып, «сборная Стоматология» командасы Облыстық турслетте (1 орынды), волейболдан ерлер құрамы командасы (1 орынды), кіші-футболдан өткен облыстық спартакиадада (2 орынды) иеленген.
Павлодар облысының стоматологиялық қызметі жоғарғы бағаға ие. Кепілдеме көлемінде тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде 18-жасқа дейінгі барлық балалар, жүкті әйелдер және мүгедектер қамтамасыз етілген. 800 астам оқушысы бар барлық мектептерде стационарлы стоматологиялық бөлмелер ашылып, ол жерде оқушылар ауыз қуысын жоспарлы түрде сауықтыра алады. Туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек көрсетілді. Шалғай ауыл тұрғындарына жылжымалы стоматологиялық қондырғыда стоматологиялық көмек көрсетіліп отыр. Медициналық колледжпен орнатылған тығыз байланыс профилактикалық іс-шараларға оқушыларды қатыстыруға мүмкіндік береді. Емхана заманауи жабдықтармен жабдықталған.
Марапаттамалары:
2001ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасы
2007ж. – Павлодар қаласы мәслихатының Құрмет грамотасы.
2011ж. – Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасы.
2012ж. – ҚР Денсаулық сақтау Министерлігінің Алғыс хаты.
2013ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасы.
2014ж. — «Отличник стоматологической службы» төс белігісі.
2014ж. – ҚР Денсаулық сақтау министерлігің Алғыс хаты.
2014ж.- «ЕКАС» ОО Прездинетінің грамотасы.
2014ж.- ДККМФД басшысының Алғыс хаты.
2015ж. — «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі.
2015ж. – «БО-НА» ЖШС-ы директорының Алғыс хаты.
2016ж. — «За заслуги в медицинской сфере» ордені.
2016ж. — «Почетный гражданин Евразийского Союза Государств» төс ордені мен Құрмет грамотасы.
2017ж. — №23 ЖОББ мектеп директорының Алғыс хаты.