Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Кабулов Каирлы Сартаевич

Дәреже: Павлодар облысы медициналық ұйымдарының басшылары
Кабулов Каирлы Сартаевич

«Павлодар қаласының №3 емханансы» КМҚК бас дәрігері

Туған жылы: 29.10.1966 ж.

Жасы: 50 жас

Отбасылық жағдайы: үйленген

Еңбек өтілі: 23 жыл 4 ай.

Жынысы: ер

Білімі: жоғары — медициналық

1984 жылдың қыркүйегі – 1992 жылдың маусымы–«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медицина институтындағы оқу.

2005 ж. ақпан – 2005 ж. желтоқсан – «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджер» Алматы қ. ҚДЖМ.

2017 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді-Инновациялық Евразия университеті.

Еңбек қызметі:

1992 жылдан 1993 жыл аралығы –Павлодар қаласындағы Павлодар облыстық ауруханасының терапевт-дәрігері.

1993-2001 ж.ж. — Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Спартак учаскелік ауруханасының бас дәрігері.

05.2001–10.2001 ж.ж.. — Павлодар қ. «Гиппократ» МО ЖШС-нің атқарушы директоры

2001–2002 ж.ж. -Павлодар қаласындағы «Павлодар облыстық бейімдеу орталығы» ММ-нің терапевт-дәрігері.

2002–2006 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ-нің Лицензиялау және дәрімен қамсыздандыру бөлімінің бас маманы

02.2006–10.2006 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ-нің Мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы.

2006 – 2007 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем және инновациялық технологиялар бөлімінің басшысы

2007-2010 ж.ж. -. «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» ММ-де бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары

2010-2012 ж.ж. — «Ақсу қаласынын емханасы» ККМК-нің бас дәрігері

2012-2013 ж.ж. — ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК-нің бас дәрігері

2013-2015 ж.ж. — ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК-нің директоры

2015-2016 ж.ж. ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталығы» КМК-нің бас дәрігері

2016 ж. шілде– қ/к дейін — ШХҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК-ның бас дәрігері

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы жоғары біліктілік категориясы бар.

Марапаттар:

«Қазақстан Республикасының тәуелсізідігіне 20 жыл» мерекелік медалі, 2011 ж.;

«Ақсу қаласына 50 жыл» төсбелгісі-2011 ж.;

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі-2014 ж.;