Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Кабылтаев Садибек Жанбиртаевич

Дәреже: Павлодар облысы медициналық ұйымдарының басшылары
Кабылтаев Садибек Жанбиртаевич

ШЖҚ «Екібастұз қаласының №2 емханасы» КМК бас дәрігері

1964 жылы 28 қаңтарда Павлодар облысы Екібастұз ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

1980 жылы Павлодар қаласының мектеп интернатының 10 классын аяқтады және сол жылы Семей медициналық институтына түсіп, оны 1986 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. 1986 мен 1987 жылдар аралығында Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өткеннен кейін осы ауруханаға травмпункт травматолог дәрігері болып жұмысқа қабылданды.

1988 жылғы қаңтар айы мен 1998 жылғы маусым айы аралығында Екібастұз қ. қалалық ауруханасының балалар хирургиялық бөлімшесінде хирург дәрігері болып еңбек етті.

1998 жылғы маусым айы мен 2007 жылғы мамыр айы аралығында Екібастұз қ. № 2 емханасы бас дәрігері лауазымын атқарды; 2007 жылғы мамыр айынан бастап 2014 жылғы қараша айына дейін Екібастұз қ. №1 емханасы бас дәрігері лауазымына ауыстырылды; 2014 жылғы 17 қарашадан бастап Екібастұз қ. №2 емханасы бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

2015 жылы академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.

Ақырғы бес жыл ішінде келесі циклдар бойынша біліктілігін жоғарылатты:

2017 жылғы 29 мамыр мен 02 маусым аралығында – «Нысанның кешенді қауіпсіздігі» «ҚазМЗУ Университеті» АҚ-да

2016 жылғы 01.09. бен 2016 жылғы 29.09. аралығында — «Денсаулық сақтау менеджменті» 216 сағ. ПФ ММУ Семей қ.

2016 жылғы 04.28. мен 04.30. аралығында «ҚР еңбек заңнамаларының өзекті мәселелері» 18 сағ. Астана Өрлеу

2014ж.02.12. мен 2014ж.12.12. аралығында «Денсаулық сақтау мекемелерінің ТЖ дайындығы және тәуекелдерді басқару» ҚазМУНО 108 сағ.

2014ж.10.20.мен 2014ж.10.24. аралығында «Жан басына шаққандағы кешенді норматив бойынша қаржыландыру жағдайында амбулаториялық-емханалық ұйымды басқару ерекшеліктері » АГИУВ филиалы, Астана қаласы 54 сағ.

2013ж.09.02 мен 2013ж.12. аралығында «Денсаулық сақтау менеджменті» қайта даярлықтан өтті 864 сағ. ПФ ММУ Семей қ.

2012ж.09.03 пен 2012ж.12.21.аралығында «Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымы»- қайта даярлықтан өтті 864 сағ. РМК «ДДРО» Астана қ.

Адал еңбегі үшін грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.