Дәулетбек Серікұлы Мусин

«Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК бас дәрігері
Дәулетбек Серікұлы Мусин, 1971ж. 16 қыркүйекте Павлодар облысы, Баянаул ауылында дүниеге келді.
1997 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін, “Емдеу ісі” мамандығы бойынша, 2006 жылы — Алматы экономика және статистика академиясын, есептеу және аудит бакалавры, 2016 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін магистратураны бітірді.
Еңбек жолымды 1997 жылы Сұлтанов ат. Облыстық ауруханада невропатолог дәрігері ретінде бастады, 2003жылы Сұлтанов ат. Облыстық аурухананың шұғыл жоспарлы-консультативтік көмек (санитарлық авиация) бөлімшесінің меңгерушісі болып, 2005жылға дейін қызмет етті.
2005 жылы Ақмола облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің емдеу бойынша орынбасары болып тағайындалды.
2006 жылдан 2007 жылға дейін Павлодар қаласының №2емханасында невропатолог дәрігері болып жұмыс істеді.
2007 жылдан 2010жылға дейін Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің емдеу — алдын алу жұмысын үйлестіру және тұрғындардың репродуктивті денсаулығын қорғау бөлімінің бастығы болды.
2010 жылы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының емдеу — алдын алу бойынша орынбасары болып тағайындалды.
2012 жылғы 25 қазаннан бастап қазіргі кезге дейін «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК бас дәрігері.
«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бірінші санаттағы сертификатым бар, фтизиатр дәрігері.
Үнемі кәсіби деңгейі мен білімімді жетілдіріп отырады. Жұмысында инновациялық технологияларды енгізіп, әріптестеріммен, жас мамандармен тәжірибесімен бөліседі.
Павлодар облысы әкімінің алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен, «Асар» РСП ҚБ «Нұр Отан» ХДП марапатталды7
2015 жылы Қазақстан Республикасында тұрғындардың денсаулығын қорғау ісінде ерекше қызмет үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ұзақ уақыттан бері газеттермен жұмыс істеді: «Звезда прииртышья», «Сарыарқа самалы», олардың беттерінде мақалалары жазылды: «Клапаны здоровья» (маусым 2014 ж.), «Анализ причин развития распространения туберкулеза» (тамыз 2014 ж.), «Сенің денсаулығың-сенің қолыңда» (наурыз 2015 ж.).
Теледидарлық хабарларда «Ирбис» ТК, «Қазақстан — Павлодар», «Хабар», «24 КZ», келесі тақырыптармен белсенді қатысты: «Туберкулезді емдеудің жаңа әдістерін үйрену» (04.08.14 ж.), «Фтизиатриялық қызметтің құрылымын өзгерту туралы» (22.04.14 ж.), «Облыстық ОТҚД жаңа жабдық» (22.05.2015 ж.), «Туберкулездің алдын алу шаралары» (11.02.14ж.), «Туберкулезді емдеудің инновациялық технологиялары» (22.05.15 ж.)