ОТАРБЕКОВ АРМАН ТӨЛЕУСАҒИҰЛЫ

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК бас дәрігері
1967 жылы 19 шілдеде туған, білімі жоғары, 1992 жылы Семей мемлекеттік медициналык институтын емдеу дәрігері біліктілігі берілумен емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді.
1992 жылдан бастап 1993 жылға дейін №1 Павлодар қаласының ауруханасында урология бойынша интернатурадан өтті.
Интернатураны аяқтаған соң, 1992 жылдан бастап 2002 жылға дейін №1 Павлодар қаласының ауруханасының урологиялық бөлімшесінің дәрігері болып жұмыс істеді.
2001-2014 жылдар аралығында «Апатты медицина теміржол госпиталы» АҚ филиалының Көкшетау теміржол ауруханасының директоры лауазымын атқарды.
2014 жылғы қарашадан бастап ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
Медицина саласындағы жалпы еңбек өтілім 25 жылды құрайды.
2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітіргеннен кейін Менеджмент бакалавры біліктілігі және академиялық дәрежесі берілді.
2016 жылы Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.
2012 жылы «Денсаулық сактау ұйымы және әлеуметтік гигиена» мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санаты берілді.
2014 жылғы 21 ақпаннан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының тәуелсіз сарапшысы болып табылады.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2008 жылы), Қызыл Жартыай Қоғамының 70-жылдығына Құрмет грамотасы, Ақмола жол бөлімшесі «ҚТЖ» АҚ филиалының алғыс хаты (2010), «Отандык темір жол көлігіндегі қол жеткізген жетістіктері үшін» Құрмет грамотасы (2011), «ЖГМК» АҚ-нан Тәуелсіздік Күніне Құрмет грамотасы (2011), «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2012), «Нұр Отан» ХДП АОФ-ның алғыс хаты (2012) марапатталды.