Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Сейітқазинова Гүлнар Кенжетайқызы

Дәреже: Павлодар облысы медициналық ұйымдарының басшылары
Сейітқазинова Гүлнар Кенжетайқызы

ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК директоры

1963 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Баянауыл селосында дүниеге келген. Білімі жоғары, Семей мемлекеттік медициналық институтын, «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің еңбек жолын Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының балалар поликлиникасында учаскелік дәрігер-педиатр қызметінде бастады.

1987 жыл мен 2002 жыл аралығында облыстың балалар қауымына стационарлық және амбулаториялық аллергиялық көмек көрсете отырып, педиатр-аллерголог болып істеді.

2002 жыл мен 2006 жыл аралығында-Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры, ал 2007 жылы алғаш құрылған медико-санитарлық көмек бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылады, амбулаториялық педиатрия және инновациялық технологияларға жетекшілік жасайды.

2008 жылғы мамыр айынан 2013 жылғы мамыр айына дейін «Павлодар медициналық ақпараттық-аналитикалық орталығы» КММ директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ақпараттық- талдау орталығы» ШЖҚ-ғы РММ Медициналық-экономикалық талдау, сараптама және госпитальдау басқармасының бастығы (Астана қ.), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС Инвестициялық жобаларды жоспарлау, бағалау және мониторингі Басқармасының жоспарлау- экономикалық бөлімінің бастығы (Астана қ.), ҚР ДСМ «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК Медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру департаменті директорының орынбасары (Астана қ.)., ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Ана мен баланы қорғау басқармасында бас сарапшы/бас педиатры., ҚР ДСМ бас педиатры қызметін атқара жүріп, педиатрлық қызметке басшылық жасап, балалар кардиохирургиясын, балалар онкологиясын, балалар сурдологиясын, жаңа туған балалар ретинопатиясы мен мектеп медицинасы дамыту эәне жетілдіру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер жасау ісіне өзінің тікелей үлесін қосты. ҚР ДСМ РДСДО Медициналық-экономикалық талдау, сараптама және госпитальдау басқармасының басшысы ретінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына Бірыңғай ұлттық жүйені қолдану бастауларында тұрды.

2013 жылғы қыркүйек айынан бастап 2016 жылғы қаңтарға дейін «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» ШЖҚ-ғы КМК бас дәрігері (Павлодар қ.)

2016 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар Бас реабитологы.

2016 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК директоры.

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушысының жоғары санаты, ұстаздың жоғары біліктілік санаты, дәрігер-аллергологтың, дәрігер-реабитологтың сертификаттары бар.

2006 жылы 2-ші жоғары оқу орынын бітіріп, Инновациялық Еуразиялық Университеттің жергілікті және мемлекеттік басқару бакалаврының үздіктік дипломын алды.

«Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, ҚР БжҒМ ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуға құқық беретін Куәлігі бар. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Денсаулық сақтау саласының жоғары білікті маманы бола жүріп, білім беру қызметін көрсету саласында қызметін жүзеге асыруда. Шығармашылықпен істейтін, ұжымын бірыңғай пікірлестер командасына топтастыра білетін іскер басшы. Ұйымдастырушылық қабілеті мен келешекке жұмыс жасаудың коммуникативтік дағдылары мен біліктері зор.