Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Гюлнар Зейнел-Қабиденқызы Жармакина

Гюлнар Зейнел-Қабиденқызы Жармакина

1966ж. 18 ақпанда Павлодар облысы Павлодар қаласында туған.

1995 ж. Семей қаласының мемлекеттік медициналық университетін бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

05.07.1983ж. - 15.08.1984ж. - Павлодар облысы. Аққу орталық аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімі, ота жасау блогының санитаркасы 

18.07.1986ж. - 25.08.1988ж. - Павлодар облысы. Аққу орталық аудандық ауруханасының таңу-ота жасау блогының медбикесі

01.09.1995ж. - 01.06.1998ж. - Павлодар қаласы, 1-ші қалалық шұғыл қызметтің акушер-гинеколог дәрігері

01.06.1998 ж. - 01.02.1999ж. - Павлодар қаласы, 1-ші қалалық емханасы әйелдер кеңесінің акушер-гинеколог дәрігері

01.02.1999 ж. - 29.12.1999 ж. - Павлодар қаласы, 1-ші емхананың медико-генетикалық кеңес беру және отбасын жоспарлаудағы балалар бөлімінің акушер-гинеколог дәрігері

30.12.1999 ж. - 26.03.2002 ж. - Павлодар қаласы денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы

27.03.2002 ж. - 05.01.2005 ж. - Павлодар қаласы денсаулық сақтау басқармасының акушер-генекологиялық қызметтің бас маманы

06.01.2005 ж. - 03.09.2008 ж. - Павлодар облысы денсаулық сақтау департаменті Павлодар қаласы бойынша денсаулық сақтау бөлімінің акушер-гинекологы бас маманы

04.09.2008 ж. - 30.07.2014ж. - Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы қорғау бөлімінің бас маманы

30.07.2014ж. - осы уақытқа дейін - Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы

Біржан Серікұлы Досмаилов

Біржан Серікұлы Досмаилов
Біржан Досмаилов 1977 жылы 23 наурызда Алматы қаласында өмірге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, 2013 жылы Гуманитарлық-Техникалық Академияны, ал 2015 жылы Алматы Менеджмент Университетін тәмамдаған. Жалпы практика дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, экономика мен бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілік басқару магистрі. 
 
Еңбек жолын 2001 жылы Шу қалалық ауруханасында хирург болып бастаған, 2003-2004 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында Травмотология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында жұмыс істеп, аталмыш ғылыми зерттеу институтында ғылыми қызметке ауыстырылған. Ал 2004-2007 жылдары аталмыш институтта күндізгі аспирантурадан өткен. 
 
Аспирантурада оқуын аяқтаған соң Біржан Досмаилов Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында 2016 жылға дейін әртүрлі қызметтерде  еңбек жолын жалғастырған. Ғылыми зерттеу институтының травмотология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі болған. 
 
Біржан Досмаилов 2016 жылы Астана қаласы №1 қалалық ауруханасының бас дәрігерінің инновация бойынша орынбасары, ал 2017 жылдың 28 қарашасынан 2020 жылдың 4 наурызына дейін Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының директоры қызметтерін атқарған. 
 
2020 жылдың 5 наурызында Павлолар облысы әкімі Әбілқайыр Сқақов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары, басқарма басшысының м.а.Біржан Досмаиловты басқарма ұжымы мен дәрігерлерге таныстырды.

Бас дәрігер - Оспанова Айгул Тұрсынқызы

Бас дәрігер - Оспанова Айгул Тұрсынқызы

"Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі" ММ бас дәрігері

Қарағанды мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірді, біліктілігін арттыруы: денсаулық сақтаудағы менеджмент, фтизиатрия және медициналық оңалту.

Денсулықты сақтау ісінің ұйымдастырушы дәрігерінің бірінші біліктілік санаты берілді.

Балалар фтизиатр дәрігері бірінші біліктілік санаты бар.

Еңбек өтілі 25 жылдан астам.

Тұңғышбай Бүркітбайұлы Баймаханов

Тұңғышбай Бүркітбайұлы Баймаханов

 

Тұңғышбай Бүркітбайұлы Баймаханов 1953 жылғы 20 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданының ХХІ Партия съезі атындағы совхозында дүниеге келген. 1969 жылы Қарағанды облысы Ульяновск ауданының Үміткер орта мектебін тәмамдайды. Мектепті аяқтағаннан кейін Қарағанды Мемлекеттік медициналық институтына түсті.

   Тұңғышбай Бүркітбайұлы Баймаханов, 1975 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітіргеннен кейін өз еңбек жолын Павлодар медициналық училищесінде оқытушы болып бастайды.

   1976 жылдан бастап қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының тамақтану гигиенасы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1979 жылдан бастап облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының тамақтану гигиенасы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

   1981 жылы санитарлық ағартудың облыстық үйіне бас дәрігер қызметіне тағайындалады.Санитарлық ағартудың облыстық үйінің және облыстық емдеу-денешынықтыру диспансерінің таралуына байланысты 1990 жылы 4 сәуірде Облыстық Денсаулық орталығының бас дәрігері лауазымына тағайындалады, ал 1999 жылдан бастап Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің  “Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы” МҚКК директоры болып табылады.

       Денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс жасау барысында Мәскеу, Минск, Алматы, Анкара (Түркия) қалаларында өткен халықаралық, республикалық және бүкіл одақтық семинар-кеңестерде өз біліктілігін арттырған.

    Тұңғышбай Бүркітбайұлы Баймаханов  әлеуметтік гигиена, денсаулық сақтаудың жоғары санатты дәрігер - ұйымдастырушысы өз жұмысын халықаралық, республикалық, облыстық семинар-кеңестерде, салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы директораттарында насихаттайды.

      Тұңғышбай Бүркітбайұлы Баймахановтың 1975 жылдан бері денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі үшін, халық денсаулығын қорғау ісінде сіңірген еңбегі үшін. 1979 жылы “1979 жылдың социалистік жарыс жеңімпазы” белгісімен марапатталды, ал 1980 жылы “Коммунистік еңбектің екпіндісі” атағы берілді, Қаз. КСР Қызыл Крест қоғамы Орталық комитетінің, медицина қызметкерлерінің қалалық және облыстық кәсіподақ комитеттерінің Құрмет Грамоталарымен марапатталды.1986 жылы «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 2003 жылы Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігіне»омырау белгісіме марапатталды, 2011 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау шеңберінде «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»мерей тойлық медалімен марапатталды. 2012 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» омырау белгісімен  марапатталды. 2013 жылғы ақпан айында “Лучшие люди” халықаралық энциклопедия ерінің Құрмет белгісімен марапатталды.

     Т.Б. Баймаханов денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметі кезеңінде бірнеше рет облыстық әкімдік пен мәслихаттың, денсаулық сақтау басқармасының және ҚРДСМ салауатты өмір салтын қалыптасытыру проблемаларының ұлттық орталығының алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ержанов Ерлан Кенжебайұлы

Ержанов Ерлан Кенжебайұлы

Ержанов Ерлан Кенжебаевич  1975 жылдың 21 тамызында Екібастұз қаласында, дәрігерлер отбасында дүниеге келді.

1992 жылы №10 орта мектептің 11 сыныбын бітіріп,  Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына  түсіп, 1998 жылы  емдеу ісі бойынша аяқтадым. Институтты аяқтаған соң «Екібастұз қалалық ауруханасы» КҚМК-на, неврология бөліміне дәрігер ординатор ретінде  қабылдандым.  2002 жылы  «Екібастұз қаласының №2 емханасы» КҚМК дәрігер невропатолог  лауазымына  ауысты.

2007 жылдың тамыз айынан бастап  Екібастұз қаласының емдеу профилактикалық жұмыс координатор бөлімінің бас маманы.

2009 жылдың қыркүйек айында «Психоневрологиялық диспансер»ММ-нің  бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

2013 жылдың  тамыз айынан бастап «Екібастұз қаласының №3 емханасы» бас дәрігері қызметін атқарды.

2014 жылдың  қазан айынан  2016 жылдың  қазан айы аралығында  «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігері. 2016 жылдың қазан айынан бастап  «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК КДК бөлімінің меңгерушісі. 2017 жылдың  қаңтар айынан мамыр айы аралығында    ШЖҚ «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК  бас дәрігердің міндетін атқарып,  2017 жылдың  мамыр айынан бастап бас дәрігер қызметіне тағайындалды.

2018 жылғы 15 тамыздан бастап «Павлодар облыс денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басшы орынбасарының м.а. қызметіне тағайындалды

Арыстанова Сәуле Ескендірқызы

Арыстанова Сәуле Ескендірқызы
1962 жылы 5 қыркүйек күні Өзбек СССР Ильич ауылында дүниеге келген.
 
1987 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтты «акушер-гинеколог» мамандығы бойынша бітірген.
 
16.11.1979 -23.08.1981 жж. Алматы қаласындағы госпитальда медициналық қызметкер болып жұмыс істеген.
 
03.08.1987-04.08.1988 жж. Шымкент қаласының облыстық перзентханасында дәрігер-интерн,
 
16.08.1988 – 25.08.1982 жж. Шымкент қаласы облыстық ауруханасының акушер-гинекологі,
 
02.09.1992-01.06.1996 жж. Краснокурстск ауданының акушер-гинекологі (Ақтогай орталық аудандық ауруханасы)
 
07.06.1996-27.04.1998 жж. Ғ.Сұлтанов атындағы облысытық ауруханасының босану бөлімінің меңгерушісі
 
01.05.1998-02.12.2002 жж.Павлодар қаласы №1ауруханасының акушер-гинекологі
 
12.12.2002-15.02.2010 жж. «Павлодар облысы денсаулық сақтау департаменті» ММ-нің бас маманның м.а.
 
03.03.2010-03.04.17 жж ҚРДМ«Медициналық-фармацевтикалық қызметін бақылау комитеті департаменті» РМБ
 
03.04.2017-05.03.2018 жж. ҚРДМ «Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті» РМБ бас маманы
 
28.03.2018 жж- қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің емдеу-сауықтыру бөлімінің басшысы.
 
Ағымды жылдың 27 қарашадан бастап «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басқарма басшы орынбасарының м.а.

Бас дәрігер

Бас дәрігер

Битигова Гульнара Каировна 1962 жылғы 01 ақпанында дүниеге келді.

1985 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған. 1986 жылы интернатураны аяқтағаннан кейін № 1 емханасына учаскелі терапевт дәрігері лауазымына жұмысқа қабылданды. 1992 жылғы қыркүйек айында облыстық ауруханасының гепатит бөлімшесінің терапевт дәрігері лауазымына  ауыстырылған. 1993 жылы облыстық тері венерология диспансерінің физио ем кабинетінің дәрігері лауазымына жұмысқа қабылданды.  1995 жылғы қаңтар – тамыз айлары аралығында облыстық тері венерология диспансері базасы негізінде интернатураны өтті. 1995 ж. – 2001 жылғы қараша айы аралығында жеделтоп жетекшісі ретінде, сонымен қатар тері және венерологиялық аурулармен сырқаттанған науқастарды емдеу қызметін қоса атқарды.

2001 жылғы қараша айында ОТВД-нің емханалық бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

2002 жылғы тамызында ОТВД бас дәрігерінің емдеу-сауықтыру жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жұмыс барысы кезінде келесі біліктілік арттыру курстарынан өтті:

- 1995 жылы Алматы қаласының  ҚАЗДКМИ «Жыныстық жолмен берілетін аурулар клиникасы, диагностика мен емі»

- 1999 жылы СММА ПФ «ЖҚТБ және жыныстық жолмен берілетін аурулар кезіндегі иммуно сауықтыру»

- 2001 жылы ТВҒЗИ жылжымалы циклі «ЖЖБИ және әртүрлі дерматоздардың алдын алу, емі, диагностикасы мен қазіргі кезеңдік жағдайы».

- 2003 жылы СММА ПФ «ЖЖБИ мен дерматовенерологияның иммунологиялық аспектілері».

- 2000 жылғы қараша айында дерматовенерологдәрігерінің бірінші біліктілік санаты берілді.

- 2005 жылы РМҚК «АДКМИ» дерматовенерология бойынша 3 айлық алғашқы мамандандырылудан өтті.

- 2006 жылғы наурыз айында Қарағанды мемлекеттік медициналық  академиясы негізінде «Денсаулық сақтау Менеджменті» тақырыптағы біліктілікті арттыру курсынан өтті;

- 2007 жылы Алматы ҚДЖМ  «Денсаулық сақтау Менеджменті» тақырыптағы 10 айлық толық біліктілікті арттыру курсынан өтті;

            2008 жылғы ақпан айында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Павлодар қаласы бойынша емдеу-алдын алу жұмысын үйлестіру бөлімінің бас маманы лауазымына жұмысқа қабылданды. 2008 жылғы шілде айында Павлодар қаласы бойынша емдеу-алдын алу жұмысын үйлестіру бөлімінің бастығы міндетін атқарушысы лауазымына тағайындалды.

 

            2009 жылғы қаңтар айында Павлродар облысы денсаулық сақтау басқармасының 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 11 – ж бұйрығы негізінде Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының КМҚК «Павлодар облыстық тері-венеролоргия диспансері» бас дәрігерінің міндетін атқарушы лауазымы артылды.

2009 жылғы 03 наурыздағы конкурстық комиссияның шешімі негізінде  Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының КМҚК «Павлодар облыстық тері-венеролоргия диспансері» бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Келесі наградалары бар:

- 2001жылы Павлодар облысы халқы денсаулығына көмек көрсету ісіне зор үлесін қосқаны, Павлодар облыстық тері-венерология диспансерінде көпжылдық еңбегі және Павлодар облысының 70 жылдық мерейтойына қарсы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Агенттігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

- 2006 жылы Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Амренов Марат Трайысұлы

Амренов Марат Трайысұлы

Бас дәрігер

Калиев Есжан Канапиянович

Калиев Есжан Канапиянович

Главный врач

Садуова Айнур Махмутовна

Садуова Айнур Махмутовна

Старшая медицинская сестра хирургического отделения.

Жумабекова Айнаш Жумабаевна

Жумабекова Айнаш Жумабаевна

Старшая медицинская сестра отделения политравмы

Шушпаева Әсел Шаймұратқызы

Шушпаева Әсел Шаймұратқызы

ҚАЖБ бөлімшесінің ағак медбикесі. Жоғары санатты.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 53 соңғысы