контакт: 8/7182/209910 priem_ord@mail.ru
адрес: Павлодар қ., көшесі Генерал Дүйсенов, 4/2
.
06-10-2023 09:11
.
Бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы Жангелді Шайымбетов №3 және №5 қалалық емханалардың қызметкерлерімен кездесті.
Жұмыс сапары №5 емханадан басталды. Медициналық мекеменің кабинеттері алғашқы және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. 34 учаске күніне 700-ге жуық пациентті қабылдайды. Жалпы тіркелген халық саны 55 мыңға жуық адамды құрайды.
Бұдан кейін басшы №3 емхана ұжымымен кездесті. Мұнда Павлодар қаласында, Ленин кентінде, Мойылды, Жетекші ауылдарында тұратын 52,5 мыңнан астам адам амбулаториялық көмекпен қамтылған. Ауысымына 500 адам қабылдауға арналған емханада 460 медицина қызметкері жұмыс істейді. Тексеру барысында Жангелді Шайымбетовке емхананың медициналық жабдықтары мен кабинеттерінің жабдықталуы көрсетілді.
Кездесу соңында медицина қызметкерлері медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтарын қоя алды.