Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А. Куликова сәуір айы бойы №28,№4,№2,№36,№42 мектептердің 8-11сынып оқушыларымен психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу бойынша "Барлығы да саған қатысты" тақырыбында №11,№5,№26,№30,№1,№6 мектептердің, сонымен қатар Павлодар мемлекеттік колледжінің, Технологиялық колледждің және Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттерімен диалогтық алаңдар өткізді.
Диалог барысында білім алушылар есірткінің алдын алудың ең тиімді құралы деп есірткі заттарын қолданудың салдары туралы баяндайтын фильмдерді көрсету және профилактиканы төменгі сынып оқушыларымен өткізген дұрыс деп санайды.
ПБЗ тұтынудың алдын алудың тиімді құралы ретінде білім алушылар түрлі "Сенім телефондарын", жастарды психологиялық қолдау орталықтарын құруды, қызығушылықтар бойынша сабақтарға арналған клубтардың, секциялардың, спорт залдарының жұмысын атады. Темекі, алкоголь, есірткі тұтынудың мотивациялық факторлары, атап айтқанда:
- зерігуге жол бермеу, жарқын әсерлерді іздеу, өмірді тәжірибе, қызығушылық арқылы толтыру;
- маңызды топ мүшелерімен байланыс орнатуға мүмкіндік алу, "жоқ " деп айта алмау, "керемет жігіт"болу, яғни беделі бар жолдастарға еліктеу,ұқсау, ата-ананың жеке үлгісі болуға ұмтылыс;
- ата-аналардың "Былай жаса, жақсы бол" деген қысымына жауап ретінде "жаман"болғысы келеді. Бұл өзіне назар аударудың бір тәсілі болуы мүмкін;
- бос әурешілік, қандай да бір іс-әрекеттің немесе міндеттердің болмауы, зеріктіруден болатын эксперименттер;
- жаман, тұрақсыз көңіл-күй мәселесін шешу, депрессиядан құтылу.
Диалог соңында "Жоқ деп айта біл" ойыны өткізілді, оның барысында оқушылар мен студенттер сенімді мінез-құлық дағдыларын пысықтады және компанияда болатын психологиялық қысым жағдайларынан шыға білді.