контакт: қабылдау бөлімі 8(7187)34-76-27 тел. 8(7182) 65-22-28 ekb_polik@mail.ru
адрес: Екібастұз қ. Энергетиктер к.,109
АПВ туралы ақпарат
03-03-2020 16:22

Адам папилломасының вирусы (АПВ)- әйелдерде болатын ең қауіпті онкологиялық аурулардың бірі жатыр мойны обыры дамуының негізгі себебі. Бұдан басқа, АПВ – жыныстық жолменкөп таралған әйелдер инфекциясы және инфекциялармен байланысты болатын барлық онкологиялық аурулардың жартысының көбісіне себеп болады.

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпелер - жатыр мойны обырының және обырдың кейбір басқа да түрлерінің алдын алуға арналған әлеуетті құрал. Жүргізілген АПВ қарсы вакцинациялау бағдарламасында нысаналы топтың көп қамтылуы жасөспірім қыздардың ата-аналарының біліміне және дұрыс қарым-қатынасына байланысты экономикалық тиімді және табысты іс-шара болып табылады.

Адам папилломасының вирусы (АПВ) адамның әртүрлі онкологиялық ауруларының, оның ішінде ауыз жұтқыншақ, анальды және жыныс мүшелерінің обыры ауруларының этиологиясына байланысты. Олардың арасында негізгі сәтбарлық жағдайларда онкогенді генотиптердің созылмалы АПВ инфекциясына байланысты жатыр мойны обыры болып табылады. АПВ-инфекциясына қарсы вакцинамен алдын алуда  жатыр мойны обырының, сондай-ақ АПВ-ассоциацияланған аурулардың ауыртпалығын азайту үшін үлкен әлеует болады және денсаулық сақтаудың экономикалық тиімді құралы болып табылады.

Вирус несімен қауіпті?

Жыл сайын әлемде 600 мыңнан астам АПВ-ассоциацияланған обыр жағдайы тіркелген, олардың шамамен 90% жуығы - жатыр мойны обыры.

Тұрғындарды қалай қорғауға болады?

Қазіргі таңда вирустан қорғанудың ең жақсы тәсілі екпе жасау болып табылады. Үш вакцина бар: екі, төрт және тоғыз валентті. 9-45 жас аралығындағы қыздар мен әйелдер (екі және төртвалентті вакцинамен) және 9-26 жас аралығындағы ұлдар/ерлер (төртвалентті вакцинамен) екпе жасатуға болады. Екпенің толық курсы 100% жағдайда спецификалық  антиденелердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Тоғыспалы  иммунологиялық зерттеу деректері 9-15 жас аралығы, сондай-ақ қыздардың (ұлдардың) жыныстық өмірі басталғанға дейінгі кезең АПВ қарсы вакциналарды қолдану үшін ең жақсы кезең екендігін растайды.

Мұндай иммундау жүргізілетін 125 елдің 70-і АПВ вакцинасын өздерінің Ұлттық күнтізбесіне енгізген. Бұл Еуропа елдерінің көпшілігі, Аустралия, АҚШ, Африка елдері, Өзбекстан және т.б. 6 елде: Австралия, Канада, АҚШ, Жаңа Зеландия, Австрия, Исландия елдерінде ұлдар да екпе жасатады.

Папиллома вирусын (АПВ) жұқтыру әртүрлі себептерден болуы мүмкін. Әдетте мынадай факторлар жұқтыруға себеп болып жатады:

* Патогенді жасушаларға қарсы күресуге болмайтын төмен иммундық жүйе;

* Созылмалы аурулар;

* Созылмалы шаршау;

* Алкогольді ішімдікке салыну және темекі шегу;

* Қатты күйзелісті бастан кешіру;

* Салқын тию;

* Антибиотиктерді ұзақ қабылдау.

Бұл факторлар ағзаға түскен вирустыңтез оянып, ағзаға тарала бастауын қамтамасыз етеді. АПВ жұқтыру бірнеше жолдан өтеді:

* Жыныстық. Вирус қорғанышсыз жыныстық қатынас кезінде тасымалдаушыдан сау адамға беріледі;

* Тұрмыстық қарым-қатынас. Жұқтыру АПВ тасымалдаушысы болып табылатын адамның жеке заттарын пайдаланған кезде орын алады;

* Босану жолдары арқылы. Бала туған кезде анасынан жұғуы мүмкін.

Жекелеген санатқа өзін-өзі зақымдауды жатқызуға болады. Бұны процесс деп атайды, мұнда адам патогенді науқас адамның тері бөлігінен сау адамдыкінебайқаусызда ауыстырады. Ерлердемұндай қырынған кезде жиі кездесіп жатады. Қазіргі уақытта адам папилломасы вирусының (АПВ) 180-ге жуық түрі бар (АПВ), түрлерінің әрқайсысына нөмір берілген (мысалы, АПВ 16). Әрбір түрінде адам организмінің белгілі бір аймағымен ерекше ұқсастығы болады. Папиллома вирустары әдеттегі қол сүйелдерін, табандағы, сыртқы жыныс ағзаларындағы және анус айналасындағы (үшкіркондиломалар), көмейдегі табан сүйелдерін шығарады, сондай-ақ қатерлі ісіктерді тудырады. Онкогенділік дәрежесі жағынанқауіп дәрежесі төмен, орташа және жоғары вирустар болып бөлінеді.

Барлық балаларды АПВ қарсы екпе жасау қажет - бұл оларға қатерлі ісіктерді тудыратын АПВ-инфекциясынан қорғануды қамтамасыз етеді. Екпе жасалмаған немесе АПВ қарсы вакцинациялаудың толық курсын алмаған жасөспірімдер де немесе жастар да АПВ қарсы екпе жасауды қажет етеді.

АПВ қарсы вакциналар вакцинаның барлық үш дозасын алған қыздар мен ұлдар үшін барынша қорғануды қамтамасыз етеді, алайда басқа адамдармен жыныстық қатынас басталғанға дейін иммундық жауапты дамыту үшін уақыт қажет.

Бұл сіздің балаңыз жыныстық өмірді бастауға дайын дегенді білдірмейді. Іс жүзінде, керісінше, бұл мәселе пайда болғанға дейін балаңызды қорғау маңызды. Кіші жасөспірімдік жастағы балаларда осы вакцинаға жақсы иммунологиялық реакция байқалады, ал бұл сіздің балаңыздың жақсы қорғанысын білдіреді.