Жыныстық жолмен берілетін адам папилломасы (HPV) вирусы тудырған жұқпалы ауру. АПВ көптеген түрлері болады. Кейбір түрлері генитальды сүйел мен обырды қоса алғанда, денсаулық мәселелерін тудыруы мүмкін. Мұндай проблемалардың алдын алу үшін вакциналар бар.
АПВ қалай беріледі?
Көптеген әйелдер мен ерлер жыныстық өмір басталғаннан кейін көп ұзамай осы вирусты жұқтырғандардың біреуімен жыныстық қатынас (қынаптық, анальдық немесе оральдық) арқылы жұқтырады. АПВ ауру жұқтырған адам ешқандай белгілер немесе симптомдар байқамағанкезде де берілуі мүмкін.
АПВ инфекциясы жыныстық қатынас кезінде ағзаға енбей ауру жұқтырса да, жыныстық жолмен берілетін ауруларға жатады. Жыныс мүшелерінің жанасуы кезінде де вирустың берілуінің орын алғаны белгілі.
АПВ денсаулыққа қатысты проблемалар туындатама?
Көп жағдайда АПВ өзімен-өзі өтеді және денсаулыққа қатысты ешқандай проблема тудырмайды. Бірақ АПВ өтпесе, бұл генитальды сүйелдер мен обыр сияқты денсаулыққа қатысты мәселелерді тудыруы мүмкін.
Генитальды сүйелдер, әдетте, жыныстық мүшелердің айналасына кішкене ісік немесе төмпешік ісік түрінде пайда болады. Олар кішкентай немесе үлкен, шығыңқы не тегіс немесе түрлі-түсті қырыққабатқа ұқсас болуы мүмкін. Емдеуші дәрігер, әдетте, гениталии аймағын қарап, сүйелдерді анықтай алады.
АПВ ісік тудырады ма?
АПВ сыртқы жыныс мүшелерінің, қынап, пенис немесе артқы өтпе обырын қоса алғанда, жатыр мойны обырын және обырдың басқа да түрлерін тудыруы мүмкін. Ол тамақтың артқы қабырғасының обырын да, оның ішінде тіл негізінің обырынжәне бадамша (ауыз жұтқыншақ обыры деп аталатын) обырын тудыруы мүмкін.
АПВ жұқтырған соң он жылдан кейін адамда обыр дамиды. Генитальды сүйелдерді тудыруы мүмкін АПВ түрлері обыр ауруларын тудыруы мүмкін АПВ түрлері болып табылмайды.
АПВ жұқтырған адамдарда обыр немесе денсаулыққа байланысты басқа да проблемалар болатынын білу мүмкін емес. Иммундық жүйесі әлсіз адамдар (соның ішінде АИТВ/ЖИТС) АПВ-мен күресуге қабілеті аз болады. Оларда АПВ-дан денсаулыққа қатысты проблемалардың өрбуі мүмкін.
АПВ және денсаулыққа қатысты мәселелерді қалай болдырмауға болады?
АПВ жұқтыру ықтималдығын азайту үшін бірнеше шара қолдануға болады:
Вакцинациядан өту.АПВ қарсы вакциналар қауіпсіз және тиімді болып табылады. Ұсынылған жас топтарында пайдалану кезінде олар АПВ тудыратын аурулардан (обырды қоса алғанда) қорғай алады. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 11 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға АПВ туындатқан обырдан қорғану үшін АПВ қарсы вакцинаның екі дозасын қабылдауды ұсынады. Ұсынымдар туралы қосымша ақпарат алу үшін беттен қараңыз
Жатыр мойны обырына скрининг өту. 21 жастан 65 жасқа дейінгі әйелдерге арналған рутинді скрининг жатыр мойны обырының алдын алуы мүмкін.
Егер сіз сексуалды белсенді болсаңыз:
* сіз жыныстық қатынас кезінде латекс мұшеқаптарды дұрыс пайдаланыңыз. Бұл АПВ жұқтыру ықтималдығын төмендетуі мүмкін. Бірақ АПВ мүшеқаппен қорғалмаған аймақтарда жұқтыруы мүмкін - осылайша мүшеқаптар АПВ жұқтырудан толық көлемде қорғай алмайды;
* өзара моногамдық қарым-қатынасты ұстаныңыз - немесе тек сізбен ғана секспен айналысатын адаммен ғана жыныстық қатынас жасаңыз.