Қазіргі таңда міндетті вакцинопрофилактиканы енгізумен және туберкулезге қарсы тиімді химиялық дәрілердің болуына байланысты адамдар бұл ауруды бақылауда ұстай алатын болды. Дегенмен адамдар қазір де туберкулездің асқынуының салдарынан қаза табады, сондықтан да балалақы шақта да, ересек кезде де тубекрулездің алдын алуға қатысты мамандардың барлық ұсыныстарын сақтау маңызды.
Балалардағы туберкулездің алдын алу ауруды жұқтырудан сақтандыруға және асқынуының алдын алуға бағытталған. Балалардың туберкулезбен ауыруының алдын алудың негізгі мақсаты —БЦЖ вакцинациясы мен химиопрофилактика.
Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес вакцинацияны перзентханада қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда балаға алғашқы (1-4) күндері жасайды. БЦЖ вакцинасы жеткілікті мөлшерде иммуноген болып табылатын әлсіретілген микробактериялар штаммы, дегенмен ден сау балаларға жұқпайды. Вакцинацияға тікелей және жанама қарсы көрсетілімдер бар. БЦЖ жасау алдында міндетті түрде педиатрдан кеңес алу қажет.
БЦЖ вакцинасы тері ішіне салынып, жалпы адам денсаулығына қауіпсіз жергілікті туберкулез үдерісін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде ағза туберкулездің микробактерияларына қарсы өзіндік иммунитет қалыптастырады. Екпелер балаларға аурудың жұғуы мен аурушаңдылықты төмендетуге ықпал етіп, туберкулездің жіті және жаппай жұғатын түрлерінен сақтандырады. Ол екпе егілген баланың микробактерияға кездескен жағдайда аурудың мүлде жұқпайтынын және инфекцияның жеңіл өтетінін білдіреді. Ата-аналар балаларына БЦЖ вакцинациясын жасатуға бас тартқан жағдайда туберкулезден ешкімнің, әсіресе баланың сақтандырылмағанын еске сақтау қажет. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көбінесе ересектерге қарағанда туберкулезді алғаш жұқтыра салып ауруға шалдығады.
Сондықтан да туберкулезге қарсы иммунитет жағдайын бақылау және балалардың ауруды алғаш жұқтырған сәтін анықтау үшін Манту жасалады. Ересектерге Манту сынамасы тек көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі. Манту сынамасы туберкулиннің аздаған мөлшерін терін астына енгізу арқылы салынған жерде пайда болған аллергиялық реакцияны әрі қарай бағалауға негізделген. Туберкулин тірі микробактериялардың өнімі болып табылады. Манту сынамасының зиянсыз екенін атап өту қажет. Туберкулинде тірі микроағзалар жоқ және салынатын мөлшерде ағзаның иммундық жүйсіне де, толықтай ағзаға да әсер етпейді. Теріге дәрі енгізгеннен кейін жасушалы иммунитетке жауап беретін терінің Т-лимфоциттері – қан жасушаларының жиналуынан туатын өзіндік қабыну пайда болады. Егер ағза сынама жасағанға дейін туберкулез микробактериясымен «таныс» болса, ине салынған орындағыф қабынудың көрінісі қарқындырақ болып, Манту реакциясын дәрігер дұрыс деп белгілейді. Дегенмен мұндай оң реакция инфекциялық аллергияның, сонымен қатар вакцинадан кейінгі көрініс болуы да мүмкін. БЦЖ вакцинациясынан кейін 5-7 жыл ішінде Манту реакциясы оң болуы қалыпты жағдай, ол вакцинадан кейінгі иммунитеттің болуын білдіреді. Екпеден кейінгі мерзімді арттыру бойынша туберкулинге сезімталдықты мүлдем жойылғанша төмендету байқалады. Дәрігердің инфекцияның алғашқы жұғуын вакцинадан кейінгі аллергиядан айыра алатындай қатаң критерийлер бар. Баланың микробактерияны жұқтыруына күдік туған жағдайда қосымша тексеру жүргізілетін туберкулез диспансеріне жібереді және ауру жұққан жағдайда профилактикалық ем жүргізіледі. Микробактериялардың жұғуы барлық жағдайда туберкулезбен ауыру дене ұғымды білдірмейді. Әрбір адам есейгенше микробактерия жұқтырған және оған қарсы иммунитеті де бар, дегенмен туберкулезбен біраз ғана адам ауырған. Жақсы иммунитет инфекцияны шектеуге мүмкіндік береді және ауруға шалдығуға жол бермейді. Керісінше, ағза әлсіз, қауіпті аурумен ауырған, иммунитет нашар болған жағдайда микробактериялар жұқса, адам туберкулезге шалдығады.
Балаларды тәрбиелеудегі басты қағида оларды жақсыға әдеттендіру. Балаларда жағымды гигиеналық әдеттер мен мінез-құлыққа дағдыландыру, сондай-ақ жекелеген іс-қимылдарды дұрыс орындауға үйрету маңызды рөл атқарады.
Екі жасқа келгенде баланы тазалыққа тәрбиелеу қиындай түседі. Баланы мұрнын сүртуін сұрауға үйретеді, белсенділікке себеп болады. 3 жаста балалар бет орамал, майлықты өздері қолданып, тамақ ішер алдында қолдарын жууды бастайды.
Балалар мектепке дейінгі жаста бірқатар тазалық талаптарын өздігінен орындауға үйренулері қажет: тамақ ішер алдында және кез келген лас нәрсені ұстаған жағдайда қолдарын жуу; бетін, құлақтарын жуу, ауызын шаю, бет орамалды қолдану; дәретхананы мұқият пайдаланып, одан кейін міндетті түрде қолдарын жуу және т.б. Балаларға мектепке дейін қарапайым түрде тазалықтың денсаулықты сақтауға көмектесетіні, лас нәрсені ұстағаннан ауырып қалуға, ауру адамнан ауру жұқтыруға болатыны туралы ақпарат беріледі.
Егер жоғарыда аталған ұсыныстардың барлығы мектепке дейін үйретілсе, онда ата-аналардың балаларды мектеп жасында тазалыққа тәрбиелеуі оңай болады: тек түсініктерін одан әрі нығайтып, мектепке барумен байланысты жаңа әдеттер мен дағдыларға тәрбиелеу ғана қалады. Жоғарыда аталған тазалық дағдыларына: күнде таңертең жаттығу жасау, денені сумен сүрту жатады; оқушы міндетті түрде моншада немесе сабынды ыстық сумен аптасына кемінде бір рет ваннаға түсуі; аяқ-қолының тырнақтарын қысқа етіп алуы; сабақ оқу мен демалу тәртібін сақтауы, күнде кемінде 2 сағат таза ауада серуендеуге, терезені немесе желдеткішті ашып (егер суық болмаса) ұйықтауы; сабақ кезінде партада тік отыруы, сонымен қатар жүргенде тік жүруі; ғимаратта, аулада және көшеде тазалықты сақтауы (қоқыс тастамауы, қағаз тастамауы, өзі жүрген жерін жинап жүруі); тамақты асқыпай ішуі қажет.Иммунитетті қалыптастыруда дұрыс тамақтанудың маңызды рөлі бар.Тамақ барлық қажетті заттардан тұруы қажет: ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды заттар. Ақуыздар ағзадағы жасушалардың құрылуына, балалардың ағзасының өсуі мен дамуына қажетті. Ақуызға бай азық-түліктер өсімдік және жануар текті болады. Өсімдік текті азық-түліктер — бұршақтар (бұршақ, бадана, соя, жасымық). Жануар текті азық-түліктер — жұмыртқа, ет, балық, сүт. Майлар күшті қуат көзі ретінде қажет және майлы тіндер ретінде жиналады.Пайдалы майлар жылқының, тауықтың етінде және балықта, сонымен қатар сары май мен өсімдік майында, жаңғақтарда, сүт өнімдерінде болады.Құрамында көмірсулары бар азық-түліктер — нан, картоп, жармалар, банан, қант, бал және т.б. Сондай-ақ балаларға фаст-фудтың зияны туралы ақпарат беру қажет.