Туберкулез – қабынбалы өкпе пен лимфа түйіндерінде пайда болатын жұқпалы ауру. Туберкулез –тек қана өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасының – сүйек, бүйрек, ми мен мидық қабығы, тері, көз бен басқа ағзалардың зақымдалуы. Дегенмен,өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Ауру жұқтырудың басты көзі туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микробактериялар шығаратын науқас адам болып табылады.
Туберкулез қалай жұғады?
Туберкулез адамнан адамға ауа арқылы тарайды. Өкпе туберкулезімен ауыратын адамдар жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырғанда ауаға туберкулез бактерияларын таратады. Адамға ауру жұғу үшін осындай бактерияның болар-болмас мөлшерімен дем алудың өзі жеткілікті. Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақытқа дейін сақталады, мысалы шаң басқан, көктеген ғимараттарда микробактериялар адам үшін қауіпті бола отырып, жылдар бойы тіршілік ете алады.
Науқас адам жөтелгенде қақырықпен, түшкіргенде, сөйлегенде ауада 2-6 м дейін таралып, шаңмен бірге еденге, затқа қонады да, көптеген жылдар бойы тіршілік ете беретін сыртқы ортаға миллиондаған бактерия бөледі.
Туберкулезбен адамдар ғана емес, жануарлар сиыр, ешкі, бұлан, бұғы, түйе де ауырады. Ауыру малдың сүті немесе еті адам үшін ауыру жұқтырудың көзі болып табылады.
Науқас адам тұратын жерде сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналасындағыларға қауіпсіз болып саналады. Өкпе туберкулёзітұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың балалары сау болып туылады. Дегенмен, барлық сақтық шаралары сақталмаған жағдайда бала туберкулез жұқтырып ауыруы мүмкін.
Туберкулездің микобактериялары адам ағзасына түскенде, инфекция жұққанымен туберкулезге шалдықпауы да мүмкін. Өкпе туберкулезімен ауыру иммунитет түскенде, дұрыс тамақтанбағанда, санитарлық-гигиеналық талаптар қанағаттандырылмағанда орын алады. Көбінесе иммунитеті толық дамымаған балалар, жыныстық жетіліп жатқан жасөспірімдер мен иммунитеті әлсіреген қарт адамдар ауырады.
Туберкулезге шалдығуға ықпал ететін факторлар
1. Дұрыс тамақтанбау.
2. Туберкулезбен ауыратын науқаспен тығыз, ұзақ қарым-қатынаста болу (нәрестелер үшін аздаған уақыттың өзі жеткілікті).
3. Маскүнемдік.
4. Шылымқорлық.
5. Нашақорлық.
6. Қосалқы аурулардың (қант диабеті, асқазанжарасы, созылмалы өкпе ауруы) болуы.