Туберкулёздің белгілері?
1. Екі аптадан ұзақ жөтелу
2. Тез шаршау мен әлсіздік
3. Дене салмағының төмендеуі
4. Дене қызуының көтерілуінің ұзаққа созылуы
5. Түнде терлеу
6. Кеуденің ауыруы
7. Қан қақыру
Туберкулезді қалай анықтауға болады?
1. Теріге туберкулин сынамасын (Манту) жасату адамның ауру жұқтырған-жұқтырмағанын көрсетеді.
2. Рентгенологиялық тексеру (флюорография) өкпенің зақымдалғанын көрсетеді.
3. Қақырықты зерттеу жөтелгенде бөлінетін микробтардың болуын анықтайды.
Туберкулездің алдын алу шаралары
- Салауатты өмір салты. Осы мақсатқа қол жеткізудің үздік құралы дұрыс күн тәртібін құру мен ағзаны шынықтыру болып табылады.
- Таза ауада серуендеу, күн мен су шаралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс пен еңбек жүктемесін дұрыс сәйкестендіру, толыққанды, дәрумендерге бай тағамды тұтыну, жеткілікті және уақытылы ұйықтау, яғни дұрыс гигиенилық тәртіп адам ағзасын нығайтуға ықпал етіп, оның туберкулезбен ауыруынан сақтайды.
- Жыл мезгілдеріне қарамастан, таза ауаға көп шығу қажет, себебі таза ауа ағзаға жағымды әсер етіп, шынығудың мінсіз құралы болып табылады.
4. Жеке тазалық ережесін сақтау: қолды, ыдысты тазартқыш құралдарын пайдалану арқылы жуу, ғимаратты ылғалдап сүрту және желдету, ет пен сүтті міндетті түрде жылумен өңдеу, гигиеналық дербес құралдар мен ыдысты қолдану, су шаралары - сүрту, су құю, душқа түсу.
5. Жөтелу тәртібін сақтау
Гигиеналық тәртіптің маңызды бөлігі дұрыс тамақтану болып табылады. Адам тәбетті арттыратын және ағзаға жақсы сіңетін түрлі тағаммен тамақтануы қажет. Тағамның құрамына ақуыздар, майлар мен көмірсулардан басқа міндетті түрде дәрумендер мен минералды тұздар болуы қажет. Ақуыздар етте, сүтте, сүзбеде, жұмыртқада; көмірсулар - қантта, нанда, картопта, жармада бар. Дәрумендер мен минералды тұздар балғын көгөністер мен жемістердің құрамында болады.
6. Міндетті түрде бала туылған кезде және 6-7 жаста БЦЖ вакцинациясы жасалады.
7. Туберкулезді уақытында анықтау.