ДДСҰ-ның ұсынымдары бойынша адам күнделікті 400 – 700 грамм жеміс пен көкөніс тұтынуы қажет. Көкөністер мен жемістердің жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының, обырдың кейбір түрлері мен микроэлементтердің жетіспеуінің алдын алуда маңызды қорғаушы рөл атқаратынын білулеріңіз қажет. Олар дәрумендердің, минералды заттардың, крахмал, көмірсулар мен тағамдық талшықтардың көзі болып табылады. Өсімдік өнімдері адам ағзасының қалыпты қызмет етуі үшін қажетті. Адамның тамақтану рационы қаншалықты түрлі және жемістер мен көкөністерге бай болған сайын, оның көптеген ауруларды емдеуге де мүмкіндігі зор болады. Сонымен қатар, өсімдік өнімі адам ағзасының, әсіресе балалардың ағзасының түрлі инфекцияларға, қоршаған ортаның физикалық және химиялық зиянды факторлардың жағымсыз әсерлеріне қарсы тұруын арттыра отырып, көптеген ауруларға қарсы жақсы сақтандыру құралы болып табылады. Жаңа піскен, сондай-ақ өңделген көкөністер де асқазан сөлін бөлетін күшті ынталандырушы болатындықтан, ағзада ақуыз, майлардың және көмірсулардың толық сіңірілуіне ықпал етеді. Әсіресе асқазанның ас қорытуын сәбіз, қияр, қырыққабат, сонымен қатар қарбыз шырыны күшейтеді.
Бос қанттар – өндірушілер, аспаздар және тұтынушылардың азық-түліктер мен сусындарға қосатын моно- және дисахаридтер және бал, шәрбәт, жеміс шырыны және жеміс шырыны концентранттарында болатын табиғи қанттар туралы айтайық. Бос қанттарды, әсіресе тәтті газдалған сусын, тәттілер ретінде тұтыну денеде артық салмақтың пайда болуына ықпал етіп, семіздік пен қант диабетіне шалдықтырады. Олардың ағзаға түсуін құрамында қанты көп азық-түліктер мен сусындарды (мысалы, газдалған сусындар, кәмпиттер, тіскебасар азық-түліктер және т.б.) азайтып, тіскебасар орнына жемістер мен көкөністерді тұтыну арқылы шектеуге болады.
Халық арасында, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың арасында өте танымал сусын – кока-кола. Оның құрамы: тазартылған газдалған сусын; қант; табиғи бояуыш карамель; қышқылды реттеуші ортофосфор қышқылы; табиғи хош иістендіргіш; кофеин. 2011 жылдың қаңтарында карамель бояуышының құрамындағы 4-метилимидазолканцероген болуы мүмкін заттардың тізбесіне енгізілген (Калифорния). Барлық салқындататын сусындардың ішінде, әсіресе Кока-колада қанттың мөлшері көп, яғни 1 литрде 137,5 грамм, ол 27,5 кесек қантқа тең, оның салдары ұйқы безіне күш түсіріп, қант диабетіне шалдықтырады. Бос қанттарды, әсіресе тәтті сусындар, тәттілер (тоқаш, шоколад, мармелад, кәмпит, торттар, балмұздақ) түрінде тұтынуды шектеу қажет, себебі олар дене салмағының артуына ықпал етіп, семіздікке, қант диабеті мен тісжегіге шалдықтырады. Ағзаға қанттың түсуін құрамында қанты көп азық-түліктерді шектеу арқылы азайтуға болады. Мысалы, 0,5 л тәтті газдалған сусында 55 грамм қант бар, ол 11 кесек қантқа тең, 0,5л қуаттандыратын сусында 27,5 грамм, яғни 5,5 кесек қант, 0,5л тәтті салқын шайда 42,5 грамм, яғни 8,5 кесек қант, қант ең көп 1 литр кока-колада 137,5 грамм, яғни 27,5 кесек қант бар және т.б.
Мектеп жасындағы бала үшін ең оңтайлы сусындар – су және сүт. Қанттың көп болуы және жоғары қышқылдық шырындағы кемшілік болып табылады, сондықтан оларды тамақ ішер кезде беру керек немесе су қосу керек.
Оқушы күніне тұтынатын сұйықтықтың жалпы санына оның белсенділігі, тамақтануы және ауа райы әсер етеді. Егер ауа райы ыстық болса, баланың белсенділігі жоғары болады, балаға көбірек су немесе сүт беріңіз. С у- тағамсыз адам бірнеше апта шыдайды, ал сусыз бірнеше күн ғана шыдайды. Сондықтан күніне 1-1, 5 литрге дейін газдалмаған суды ішіңіз! Мектепте ауыз су ішу тәртібін ұйымдастыру өте маңызды.
Дәрістің соңында сұрақ-жауап форматында кері байланыс жүргізіледі, ата-аналар мен мұғалімдер қызығушылық тудыратын тақырыптарға жауап береді.