«Тіскебасар» ұғымы шоколад батончигінен бастап қақталған ет пен кепкен жаңғақтарға дейінгі әртүрлі өнімдердің үлкен тобын құрайды. Тіскебасарлар тез тамақтану нарығындағы келешектегі үрдістің бірі болып табылады. Бұл нарық тіскебасар ретінде тұтынуға болатын азық-түліктерді көрсетеді. Сіз әдеттегі тәттілерді жаңғақтармен және кептірілген жемістермен алмастырсаңыз, ол сізге салуатты өмір салтын ұстану мен денсаулықты күшейтуге ықпал етеді. Сонымен, мысалы, 80 грамм тұзды тіскебасарда 5 г (толтырылмаған бір шай қасық) тұз бар, оған пияз сақинасы,қытырлақ нандар, чипсилер, крекерлер және т.б. жатады. Тұзды нормаға дейін және одан төмен пайдалануды азайту жыл сайын әлемде 2,5 миллион адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Инфекциялық емес аурулардың (жүрек ауруы, қант диабеті, обыр) қаупін төмендетіп, жүрек инфаркті мен инсульттан болатын мүгедектікті шектеп, суқараңғыға шалдығудың алдын алып, ісіктен арылтып, артық сұйықтықты шығара отырып, ағзадағы судың теңгерімін сақтайды.
Есіңізде сақтаңыз! Осы ұсынымдарды сақтай отырып, дені сау, ұзақ өмір сүру мүмкіндігі пайда болады.
Трансмайлар – табиғи, сондай-ақ жасанды жолмен жасалған қанықпаған майлы қышқылдардың түрлері. Табиғи трансмайлар жануар өнімдерінде (мысалы, ірі қара мал, қой, ешкі еттері мен сүт өнімдерінде) болады. Жасанды жолмен жасалған трансмайлар фастфудтарда, пісірілген өнімдерде (бәліштер, піспенан, пирожный және майлы қоспалы булочкаларда), бисквиттер, қуырылған тағамдар (қытырлақ картоп, тауық аяқтары), попкорн, қаттама нанда болады. Қан құрамындағы майларды көбейтетін және жүрек ауруы, қант диабеті, семіздік, сүт безі обыры, Альцгеймер ауруы, өт-тас ауруы және т.б. шалдығуға ықпал ететін өнеркәсіптік өндірістік трансмайлар қауіпті болып табылады. 23% трансмайды тұтынудың нәтижесінде күшті 2%-ға арттыру миокард инфарктінен болатын өлім қаупін арттырады. Трансмайлар қытырлақ картоп, чизбургер, бургер, балмұздақ, попкорн, чипси, крекер, бәліш, піспенан, майлықоспалы булочка, пирожный, қаттама нан, торт, биквит, кекстердің құрамында болады.