Бүгінгі таңда бірде-бір жасөспірім бір жаққа фаст-фуд жемей, сосын газдалған сусын ішпей баруды көз алдына елестете алмайды. Бірақ энергетикалық газдалған сусындар да танымал болды. Олардың құрамында адам ағзасының жүйке, жүрек-қан тамыры және эндокриндік жүйелеріне дем беретін, күшін тасытып, сергек болуына әсер ететін заттар бар. Энергетикалық сусындарды кофенің өзіндік концентрацияланған алмастырғышы деп атауға болады, онда ми мен бұлшық етке күш беруді қамтамасыз ететін глюкоза да бар. Балаға мұндай сусындардан болатын зиянды және оларды қолданудың зардаптарын түсіндіру керек.
Егер сен шаршасаң, энергетикалық сусын ішкенше, үйіңе барғаның немесе демалғаның дұрыс.
Сөйтіп, таңдау жасөспірімінң өзіңде қалады! Дәл осы жасөспірімдер кезеңі темекі тарту, ішімдік ішу, тамақтану және дене белсенділігі сияқты қазіргі заманғы қоғамның қайғысына және жалпы салауатты қоғамды қалыптастыруға қатысты ересек өмірдегі мінез-құлықты анықтайтындығын атап өту керек. Жүйке, эндокриндік жүйе ауруларының, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуының артуы жалғасуда. Бұл жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін қоғамдық денсаулық сақтаудың тиімді әсеріне бағытталған шаралар жүйесін күшейту қажеттілігін туғызады.
Ата-аналардың міндеті жасөспірімдерге құрғақтай жей салып, тұрақты тамақтанбаудың зиянын түсіндіру, чипсилар мен булочкалардың орнына басқа тағамды, мысалы кептірілген жемістер мен жаңғақтарды таңдау болып табылады. Күніне төрт рет тамақтану керектігін түсіндіру: құнарлы тағамның тәуліктік қажеттілігінен таңғы ас – 25 %; түскі ас – 35–40 %, бесіндік – 15 %, кешкі ас – 20–25%. Тіскебасар ретінде көкөністер немесе жемістер, ірімшік немесе сүзбе, жұмыртқа, салаттар болуы мүмкін. Ыстық тағам ретінде ботқа, көкөністі рагу, ет, балық болады. Сусын ыстық шай, компот, кисель, сүт түрінде болады.