Вакцинация - полиомиелит, қызылша, қызамық, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, туберкулездің ауыр түрлері, В гепатиті, эпидемиялық паротит және т.б. сияқты бірқатар инфекциялардан балалар мен бүкіл халықты қорғаудың ең тиімді тәсілі. Бұл инфекциялар адамның ағзасына түсу арқылы күрделі өтетін ауруларды қоздыруы мүмкін, ол аурулар асқынып, өлімге де әкелуі мүмкін.
Вакцина инфекцияны үлгілеу арқылы иммунитет қалыптастыруға көмектеседі. Бұл инфекция түрі ауру тудырмайды, бірақ иммундық жүйені Т-лимфоциттері мен антиденелерін шығаруға итермелейді. Кейде, вакцинациядан кейін, кішігірім инфекция жоғары дене қызуы сияқты аурудың жеңіл белгілерін тудыруы мүмкін. Мұндай жеңіл симптомдар – белгілі құбылыс, және ондай белгілерді ағзаның иммунитет қалыптастыратын уақытында күтуге болады. Кішігірім инфекция өткен соң, ағзада «жады жасушалары» Т-лимфоциттерініңқоры қалады, олар келешекте аурулармен қалай күресу керектігін жадында тұтып алады. Сонымен қатар, екпеден кейін Т-лимфоциттері мен B-лимфоциттерін шығару үшін бірнеше апта керек. Сондықтан, егер адам вакцинацияға дейін немесе вакцинадан кейін бірден ауру жұқтырған болса, оның аурып қалуы әбден мүмкін, өйткені вакцинаға адамды сақтандыру үшін уақыт жеткіліксіз болды.
Вакциналардың жіктемесі:
Бүгінгі таңда адамдарға берілетін вакцинаның бес негізгі түрі бар:
- Тірі әлсіздендірілген вирус – екпенің құрамына сау иммундық жүйесі бар адамдарда ауру қоздырмау үшін әлсіздендірілген тірі вирус енгізілген. Тірі әлсіздендірілген вирустарға – қызылша, мысқыл, қызамық және желшешекке қарсы екпе салу жатады. Ата-аналар вакцина салар алдында балаларды мұқият бақылау керек, қандай дабір аурулар болған жағдайда дәрігер вакцинаны салдырмауы немесе басқа күнге ауыстыруы мүмкін.
- Инактивирленген вакцина – бұл вакцина оны өндіру үдерісінде вирусты зарарсыздандыру арқылы жүргізіледі. Полиомиелитке қарсы инактивирленген вакцина осындай вакциналардың қатарынажатады. Инактивирленген вакцина тірі әлсіздендірілген вирусқа қарағанда басқаша иммундық әсер береді. Екпені иммунитетті қалыптстыру немесе сақтап қалу үшін бірнеше рет салдырту қажет.
- Токсоидты вакцина бактериямен ағзадағы уытты шығаратын аурулардың алдын алады. Бұл вакцинаны әзірлеу үдерісінде ауру қоздырмау үшін уыттар әлсізденеді. Әлсіздендірілген уыттар анатоксиндер деп аталады. Иммундық жүйе құрамында анатоксині бар вакцинаны қабылдаған кезде, табиғи токсиндерге қарсы күресе бастайды. АКДС вакцинасы дифтерия және сіреспе анатоксиндерін қамтиды.
- Суббірлікті вакцина вируснемесе бактерияның бөлшектерін, неолардың суббірліктерін қамтиды, бірақ толық вирусты қамтымайды. Өйткені, бұл екпенің құрамына тек қажетті антигендер кіреді, және вирустың басқа құрамдас бөліктері кірмейді, суббірлікті вакцинадан болатын жанама әсерлер сирек кездеседі. Оған АКДС екпесінің құрамында қамтылған өлі көкжөтел бактерияларының жүзінділері жатады.
- Конъюгаттывакцина бөгде бактерия түрімен күреседі. Мұндай бактерияларда антигендер бар, олар «полисахаридтер» деп аталатын қант тізбегінің сыртқы қабатымен қапталған. Мұндай қант қабаты антигенжі жабады және кішкентай баланың дамымаған иммундық жүйесінде оны анықтау өте қиын. Конъюгатты вакциналар мұндай бактерияларға қарсы өте тиімді әсер етеді, өйткені ол полисахаридтерді антигендермен байланыстырады, оны иммундық жүйе де жақсы қабылдайды. Бұл баланың дамымаған иммундық жүйесінде осындай қант қабаттарына әсер етіп, иммундық ісер қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай вакциналарға пневмококк бактериясына қарсы вакциналар жатады.
- Координатор ЗОЖ Кудабаева А.Б.