контакт: 8(71839)21643 akkysrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы Аққулы ауданы, Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 84-үй
Коронавирустан вакцинаға шақыру
05-04-2021 09:34
Коронавирустан вакцинаға шақыру
  • Құрметті аудан тұрғындары!


    Аққулы ауданының Амангельді 84 мекенжайы бойынша орналасқан емханасында 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы "Спутник-V" вакцинасымен вакцинация жүргізілуде . Вакцинация тегін және ерікті түрде болады. Сіздің мықты денсаулығыңыз-біздің басты мақсатымыз! Ал біздің басты мақсатқа жетудегі әлеуетімізді толық іске асыру үшін біз сізден біздің жұмысымызда көмектесетін кейбір ЕРЕЖЕЛЕРДІ сақтауыңызды сұраймыз:
    1. Вакцинациялауға covid-19 ауырмаған тұлғалар жатады
    2.Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер: вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық ; ауыр аллергиялық реакциялар ; жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар ; созылмалы аурулардың өршуі ; жүктілік және бала емізу кезеңі; 18 жасқа дейінгі жас.
    3. Вакцинация алдында дәрігердің тексеруі міндетті түрде өтеді
    4.Вакцинация екі кезеңде жүргізіледі: басында I компонент енгізіледі 0,5 мл дозада. 21 күні компонент II енгізіледі 0,5 мл дозада.
    5. Вакцинациядан кейін 30 минут ішінде ықтимал аллергиялық реакциялардың алдын алу үшін медициналық ұйымда қалуыңызды сұраймыз .
 
 
 
 
Ещё