контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101
Таза Қазақстан
27-04-2026 15:37
Таза Қазақстан

#тазаҚазақстан♻️

Бүгін Ақтоғай аудандық ауруханасының ұжымы сенбілікке белсене қатысты. Қызметкерлер аумақты тазалауға шығып, айналаны ретке келтіріп, қоқыс пен қураған жапырақтарды жинап, мекеме аумағын абаттандырды.

Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны таза әрі көрікті етіп қана қоймай, ұжымды біріктіріп, жұмыс орнымызға деген жауапкершілік пен қамқорлық сезімін қалыптастырады.

Тазалық пен тәртіп — ортақ еңбектің және өз ісіне деген құрметтің нәтижесі.