Павлодар облысы қаржы басқармасының
2014 жылғы 31 наурыз
№ 125 бұйрығымен
бекітілген
Павлодар облысы әкімдігі
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Ақтоғай аудандық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының
ЖАРҒЫСЫ
- Жалпы ережелер
- Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
- Кәсіпорын Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы № 441 «Заңды тұлғалар құру туралы» бұйрығына сәйкес құрылды.
3.Жергілікті атқарушы орган — Павлодар облысының әкімдігі кәсіпорынның құрылтайшысы болып табылады.
4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын жергілікті атқарушы органы — Павлодар облысы әкімдігі жүзеге асырады.
- Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын органы Павлодар облысының денсаулық басқармасы болып табылады (бұдан әрі – Басқару органы).
6. Мемлекеттiк кәсiпорынның мемлекеттiк тiлдегi атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны.
Мемлекеттiк кәсiпорынның орыс тiлiндегі атауы: Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Актогайская центральная районная больница» управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.
- Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, 140200, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі, 101- үй.
2.Кәсіпорынның заңды мәртебесі
- Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылған және заңды тұлғаның құқықтарын иеленген болып саналады.
- Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
- Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы органның рұқсатымен құрып, сонымен қатар, өзін басқа заңды тұлғаның құрушысы (қатысушысы) ретінде көрсете алады.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдары мен өкілдіктерін құра алады.
- Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республиксының заңна-малық актілеріне сәйкес міндетті түрдегі мемлекеттік тіркеуге немесе басқа да тіркеуге қатысты келісім-шарттар тіркелген күннен бастап егер өзге жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көрсетілмесе, жасалған болып саналады.
- Кәсіпорын қызметі мен оның мақсаттары
- Кәсіпорынның қарайтын қызметі мыналар болып табылады:
1) аудан халқына толық көлемде көп бейінді консультативтік, диагностикалық және емдеу көмегін поликлиникада, стационарда және үйде жүзеге асыру;
- Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаттары болып табылатындар:
1) денсаулық сақтау саласында өндірістік –шаруашылық кызметті іске асыру;
2) әлеуметтік міндеттерді шешу, нарықты медициналық қызмет көрсетулермен толтыру жолымен кіріс енгізу;
3) ересектер және балалар денсаулығын қорғау бағдарламаларын орындау;
4) аудан халқын қажетті көлемде стационарлық және емханалық көмекпен қамтамасыз ету;
5) фармацевтикалық қызмет көрсету.
- Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрлерін іске асырады:
1) науқастарды тегін емдеуге арналып мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған қаражаттарды нысаналы және тиімді жұмсау;
2) диагностиканың және науқастарды емдеудің заманауи әдістері мен құралдарын дер уақытында игеру және тәжірибеге енгізу;
3) Кәсіпорынның қызмет көрсету аумағындғы науқастардың толық есебін алу, жылдық есеп құрастыру;
4) жалпы емдеу желісінің мамандарына консультативтік көмек көрсету;
5) Кәсіпорынның қызметкерлерін жоғары квалификация бойынша қамтамасыздандыру.
6) емдеу-диагностикалық қызметті одан әрі жетілдіру жөніндегі жылдық және перспективтік жоспарлады әзірлеу;
7) салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары;
8) тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енгізілмеген медициналық қызмет көрсетуперді ақылы түрде көрсету;
9) кәсіпорындар мен ұйымдарға келісімшарттық негізде медициналық қызмет көрсету;
10) Мемлекеттік кәсіпорынның қызметін қолдау және дамыту үшін мемлекеттік тапсырысты, ақылы қызет көрсетулерді және кәсіпорындармен шаруашылық келісімшарттарды орындау есебінен қажетті кірістер алу;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес тауарлар, жұмыс және қызмет көрсетулер сатып алуды ұйымдастыру.
- Кәсіпорынның жарғыда (ережеде) бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқысы жоқ.
- Кәсіпорын қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті сланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
- Кәсіпорын басшысының кәсіпорынмен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
- Кәсіпорынды басқару
- Жергілікті атқарушы орган:
1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;
3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;
4) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнама- сымен оған жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Кәсіпорынды басқару сұрақтары бойынша акт әзірлейді, оның іске асуын қамтамасыз етеді;
2) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс жасайды;
3) Кәсіпорынның Жарғысын бекіту туралы ұсыныс жасайды, оған өзгеріс пен толықтырулар енгізуді ұсынады;
4) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;
5) Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі, бекітеді.
6) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын талдауды және бақы-лауды жүзеге асырады;
7) Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және қолдануын бақылауды қамтамасыз етеді;
8) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді; (УДЗ, медицналық қарау, рентген).
9) Қазақстан Республикасы заңнамасы және осы Жарғы жүктеген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.
- Кәсіпорынның органы болып оның Басшысы, сондай-ақ, заңнамамен көзделген жағдайларда бақылау кеңесі табылады.
- Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу Қазақстан Рес- публикасының заңнамасында басқа жағдайлар қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
- Басқару органы Кәсіпорынның Басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын Басшысының жауапкершілігі айқындалады.
- Кәсіпорын Басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
- Кәсіпорын Басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
- Басшы дара басшылық принципінде әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
- Басшы:
1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдде- лерін барлық органдарда білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кә- сіпорынның мүлкіне билік етеді;
3) келісімшарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттар ашады;
6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шы- ғарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше жағдайлар көзделмесе оларды жазаға тартады;
Басқару органы Басшысының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғыда белгіленеді;
8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлық жалақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас(аға) бухгалтерді қоспағанда) сыйақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;
9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті Басқару органына кандидатуралар ұсынады;
10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызмет- керлерінің құзыретін белгілейді;
11) тиісті Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функ- цияларды жүзеге асырады.
- Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын және коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы орган) өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
- Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағыөзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
- Шаруашылық жүргізу құқығындағы
Кәсіпорынды байқау кеңесімен басқару ерекшеліктері
- Кәсіпорында Мемлекеттік басқару органының ұсынысы бойынша байқау кеңесі құрылуы мүмкін.
- Байқау кеңесін құру реті, байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, сонымен қатар байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу реті мен уәкілеттіліктерін мерзімнен бұрын тоқтатуды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен.
- Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау мен байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шегін анықтауды Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған.
- Байқау кеңесінің қызметі қолданыстағы заңнамамен және байқау кеңесінің бекітілген ережесімен реттеліп отырады.
- Кәсіпорынның мүлкі
- Кәсіпорынның мүлкін құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорын активтері құрайды.
- Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлары) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында да бөлуге болмайды.
- Кәсіпорынның мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүліктің;
2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыс- тарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
- Кәсіпорынның басқаруында тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
- Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өз- геше көзделмесе, немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
- Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
- Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
- Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
- Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 39 тармағрында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
- Осы Жарғының 38 тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құ- қығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.
Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:
— шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызме- тінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;
— артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мү- лікті алып қою жатқызылады.
- Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы орган, облыстық коммуналдық мүлікке бұйрық етуге өкілетті) Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.
- Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың Басқару органының ұсынымы бойынша филиалдар, өкілдіктер құруға, сонымен қатар дебиторлық берешекпен иелік етуге құқылы.
- Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі заттарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
- Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі өзгеше белгілемесе, осы Жарғының 41, 42 тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.
- Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
- Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
- Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган белгілейді.
Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.
Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
- Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.
- Кәсіпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.
Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызмет- тердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсе- тілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың Басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгiлейдi.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіп- орынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
- Кәсіпорынның жарғылық капиталы
- Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 162 476 447 (жүз алпыс екі миллион төрт жүз жетпіс алты мың төрт жүз қырық жеті) теңге құрайды, бұл Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне Құрылтайшымен толық қалыптастырылды.
- Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
- Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есепті- лігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
- Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
- Кәсіпорынның жауапкершілігі
- Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
- Еңбек ұжымымен өзара қатынас
- Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжым арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
- Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
- Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
- Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Бас- қару органы белгілейді.
- Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақы- лар мөлшерiн, сыйақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
- Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың Басқару органы белгiлейдi.
- Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
- Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қарастырылған басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
- Коммуналдық Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды Басқару органы жүзеге асырады.
- Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
- Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
- Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толық-
тыруларды жергілікті атқарушы орган енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.
Басшы (Бас дәрігер): Г.Г.Құрманғалиева