контакт: 8(7187)278602 278597 polikl-1@mail.ru
адрес: Екібастұз қаласы, Торайғыров көшесі 20 үй
Скрининг
12-08-2024 10:41
Скрининг

Қазақстандықтар 3 күндік әлеуметтік демалысқа құқылы, бірақ бұл туралы бәрі біле бермейді
Әлеуметтік демалыс еңбек демалысымен байланысты емес. Ол бөлек беріледі, хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік демалыстың 3 күні емханада скринингтен өтуге арналған.
Еңбек кодексінде не айтылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде түсіндірілгендей, қызметкерлерге әлеуметтік демалыс Қазақстан Еңбек кодексінің 87-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес беріледі.
"Қызметкерлерге (өзге де әлеуметтік демалыстардан басқа) бір жыл ішінде 3 жұмыс күнінен аспайтын мөлшерде скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс, сондай - ақ жүктілігі бойынша 12 аптаға дейін кемінде 3 ЖҰМЫС КҮНІ көлемінде медициналық есепке қоюға демалыс беріледі", - деп хабарлады Еңбек министрлігі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әлеуметтік демалыста болу кезеңі еңбек өтіліне есептеледі.
Демалыс беру Жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
"Еңбек Кодексінің 23 - бабы 2-тармағының 26-1-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен және көлемде жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкерге скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беруге міндетті", - деп хабарлады Еңбек министрлігі.
Скринингтер кім, қашан және қалай өтеді
Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыстың тәртібі мен көлемін айқындау "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"Кодекспен регламенттеледі.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары профилактикалық медициналық тексеруден және скринингтік зерттеулерден өтуге міндетті.
"Скринингтік зерттеулер халықтың нысаналы топтары арасында ауруларды ерте сатысында анықтау және аурулардың дамуын, аурулардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын болдырмау, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында жүргізіледі.