Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Облыстық жедел жәрдем станциясының ұжымы 30 жаңа қызметкерлермен толықты
28-08-2020 07:59

Бірнеше апта бойы 103 Павлодар қызметінің жаңа қызметкерлері станция базасында оқудан және тағылымдамадан өтті. Жедел жәрдем бригадаларында жас мамандар сынақ тапсырғаннан кейін жұмысқа кіріседі.

Жедел жәрдем станциясының штатына 20 фельдшер мен 10 дәрігер қабылданды. Бұл негізінен Павлодар медициналық жоғары колледжінің түлектері және Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының бес курсын бітірген интерндер. 103 жас мамандар қызметке машықтануды шақырулар кезінде медицина қызметкерлері тап болатын ең танымал аурулар бойынша дәрістерді тыңдаудан бастады. Сонымен қатар, фельдшерлер мен дәрігерлер инфаркт, инсульт, өкпе ісінуі, қан кету және басқа да жарақаттар кезінде реанимациялық көмек көрсету бойынша оқутыларды өтті.

Шұғыл көмек көрсетудің тәжірибелік дағдылары жаңа қызметкерлер станция базасындағы симуляциялық орталықта өтті. Сондай-ақ тағылымдамадан өтушілер 10-12 күн ішінде медициналық бригадалар құрамында екінші фельдшер ретінде шақыруларда жұмыс істеді. Енді жас мамандар сынақтан өтеді, содан кейін олар 103 қызметіне жұмысқа орналасады.

 

Жаңа қызметкерлердің қабылдануын ескере отырып, Павлодар облысының Жедел жәрдем станциясының штаты 100% - ға жинақталған.

 


 

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі