Жедел жәрдем дәрігерлері кафеде кәуап жеген ер адамды құтқарды
103 қызметінің қызметкерлері жарты сағат бойы реанимация жүргізіп, 74 жастағы зейнеткерді құтқара алды.
Оқиға жақын арада болды. Жедел жәрдемге жазғы кафе қызметкерлері қоңырау шалып, келушілердің бірі кәуап жеп тұншығып, тыныс алуды тоқтатып, тіпті көгеріп кеткенің айтты.
Медициналық қызметкерлер қоңыраудан кейін 7 минуттан кейін орнында болды. Геймлих әдісін қолдана отырып, 103 қызметкерлері науқастың тыныс жолдарын босатты, бірақ ол есін жимады. Сол кезде дәрігерлер зейнеткерге реанимация жасауына кірісті. Жарты сағат бойы олар реанимациялық көмек көрсетіп, ер адамның өмірі үшін күресті.
Медицина қызметкерлері науқастың жүрегін «жүргізген» кезде оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, жақын ауруханаға жеткізілді. Кешке қарай ер адам есін жиды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кету керек, Жедел жәрдем қызметкерлері жыл сайын кәсіби оқытудан өтіп, шұғыл көмек көрсету дағдыларын жаңартады. Бұл көмекке мұқтаж пациенттерге уақытында көмектесуге мүмкіндік береді.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі