2020 жылдың қазан айында ШЖҚ"Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" КМК қызметкерлері ұлттық аккредиттеуден өтті.Аккредиттеу -бұл ұйым көрсетілетін қызметтер сапасының белгілі бір стандартқа сәйкестігін ресми растауды алатын процесс.
Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген 6 сарапшыдан тұратын Комиссия 3 күн ішінде ұсынылған құжаттардың стандарттарға сәйкестігін бағалауды және персоналдың, әкімшілік пен пациенттердің пікірін зерделеу, стандарт талаптары мәнмәтінінде медициналық ұйымдағы жағдайды бақылау негізінде процесті бағалауды тікелей жүргізді. Стандарттарға сәйкестікті бағалау ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінде ( Екібастұз, Ақсу қалаларының,аудандардың қосалқы станциялары, гараж, бухгалтерия, диспетчерлік, кадрлар бөлімі) жүргізілді. Бүгін нәтижесі белгілі болды: аккредиттеу комиссиясы Павлодар облыстық станциясының қызметіне жоғары баға берді – 1-ші санат . Айта кету керек , бұл бірінші аккредитация емес, бұған дейін 2012 , 2015 , 2017 жылдары 1 – ші санат нәтижесі бойынша 3 жыл мерзімге алынған болатын.