Жаңа жылдық демалыс күндері Павлодар жедел жәрдеміне жүктеме 20% - ға артты
Нормада мерекелік демалыс күндері 600 шақырту болса, қызмет тәулігіне 750-ге дейін қоңырау келіп түсті.
Барлық жаңа жылдық демалыстарда жедел жәрдем станциясы және оның барлық бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Орташа көрсеткіштермен салыстырғанда, бұл қоңыраулардың саны айтарлықтай өсті. 1 қаңтарда 103 желісіне 647, 2 қаңтарда - 655, 3 қаңтарда - 752, ал 4 қаңтарда - 663 қоңырау келіп түсті.
Павлодар облысына келген аязға және қалалар мен аудандардан тыс жерлерге шығуға тыйым салынғанына қарамастан, әсіресе түнгі уақытта медициналық қызмет шалғай ауылдық елді мекендерден пациенттерді облыс орталығына шығарды. Дауылды ескерту жағдайында жедел жәрдем Баянауыл, Железин және Шарбақты аудандарынан науқастарды Павлодарға жеткізді.
- Бұл жұмысқа Біздің 6 қосымша пункт те жұмылдырылды, олар бірінші кезекте қала сыртындағы трассалардағы жол-көлік оқиғаларына ден қоюға арналған, - деп атап өтті жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая. - Олардың қызметкерлері, 103 қалалық қызмет бригадалары пневмония және коронавирустық инфекция белгілері, инфаркт және ми қан айналымының жедел бұзылуы бар шақыруларға шықты.
Әдеттегі қоңыраулардан басқа үсік шалумен және шамадан тыс тонып қалуына байланысты қоңыраулар жиілеп кетті. Күні қызмет осындай 2-3 шақыртуды пысықтады. Сонымен қатар, төрт тәулік ішінде жедел жәрдем тек екі рет жол-көлік оқиғаларына барды - 2 қаңтарда Аққулы ауылында және 4 қаңтарда Екібастұз қаласына.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі