Бір күн бұрын Ленинский - Русская поляна тас жолында болған апатқа қатысушылардың бірі облыс орталығына жеткізілді. Біреуіне ота жасаған басқа екі пациентті де № 1 Павлодар қалалық ауруханасының политравма бөлімшесіне тасымалдау туралы шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, екі көліктің соқтығысуынан үш адам қаза тапты, тағы үшеуі - екі ер адам және бір әйел түрлі жарақат алды. Шақыруға Ертіс ауылынан жедел жәрдем бригадасы жіберілді, тағы бір медициналық бригада Ертіс аудандық ауруханасы базасында құрылды. Апат орнына жету 15 минутты құрады. Барлық зардап шеккендер орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Павлодар облысының жедел жәрдем станциясында аудандық медициналық мекеме басшылығының өтінімі бойынша медициналық авиация бригадасы құрылды. Шұғыл түрде Ертіс ауданына травматолог, реаниматолог, хирург және медбике шықты.
Павлодардан келген медицина қызметкерлері үш пациентпен жеті сағат бойы айналысты. Политравма және 2 дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылған 1969 жылы туған әйел тексеруден кейін одан әрі емдеу үшін облыс орталығына жеткізілді. 1971 жылы туған, бірнеше қабырға сынуы мен гемопневмоторакс алған ер адамға операция жасалды. Апаттан зардап шеккен тағы бір адам - 1961 жылы туған ер адам сыртқы бекіту аппаратын қолданды.
Бүгін таңертең медициналық авиация қызметкерлері екі ер адамды да № 1 Павлодар қалалық ауруханасының политравма бөлімшесіне жеткізуді ұйғарды. Ертіс ауданынан облыстық орталыққа пациенттерді АН-2 бортымен жеткізеді.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі
Мұрағат фотосуреті