Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК медицина қызметкерлерін оқыту бойынша ақпарат
11-10-2021 08:19
ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК медицина қызметкерлерін оқыту бойынша ақпарат
 
 
ШЖҚ «ПОЖМКС» КМК  базасында компъютер сыныбымен,шұғыл медициналық манипуляция техникасын пысықтауға арналған заманауи тренажерлармен, медициналық әдебиеттермен және тест бағдарламаларымен жабдықталған оқу симуляциялық орталығы құрылды. Аталған оқу орталығының базасында Ақсу, Екібастұз қалаларының, аудандардың шағын станция қызметкерлерін міндетті түрде тарта отырып, медицина қызметкерлерін оқыту үздіксіз жүргізіледі. Аудандарға шығу циклдері ұйымдастырылады, ОАА стационарларының қатысуымен рөлдік ойындар өткізіледі.
«Семей медициналық университеті» КЕАҚ Павлодар филиалының сертификатталған тренерлерін тарта отырып, халықаралық оқыту стандарттарына сәйкес дәрігерлер мен ОМҚ оқытылды.
BLS-100%, ACLS-100%. PALS-100%,PHTLS-100%.
Дәрігерлерді және орта медициналық қызметкерлерді  оқыту жоспары бар.
2021 жылдың үшінші тоқсанында цикл бойынша станция қаражаты есебінен 30 дәрігерді оқытамыз: 
«Семей медицина университеті» КЕАҚ «BLS, ACLS, PALS оқыту және ЖКО кезіндегі шұғыл көмек (PHTLS)».
Цикл бойынша станция қаражаты есебінен 30 орта медицина қызметкерін оқытамыз:
«Астана» «Оқу-клиникалық орталығы» ЖШС ПОФ-да ДДҰ-БЖАЫҚ/Қазақстан Қалта анықтамалығы бойынша стационарларда ауру балаларды жүргізу».
2021 жылдың бірінші тоқсанында станция қаражаты есебінен 100 медицина қызметкері: ЖКО кезіндегі шұғыл көмек (PHTLS) және «Педиатриядағы кеңейтілген жүрек – өкпе реанимациясы» (PALS) циклдері бойынша 34 дәрігер, 69 фельдшер оқытылды. Мамандандырылған техниканы қауіпсіз жүргізу циклі-жедел жәрдем машинасы (санитариялық авиация) бойынша станция қаражаты есебінен ЖМК-ның 113 жүргізушісін оқытып-үйретті.