Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Семинар
20-04-2022 09:50
ШЖҚ «ПОЖМКС» КМК  базасында компъютер сыныбымен, шұғыл медициналық манипуляция техникасын пысықтауға арналған заманауи тренажерлармен, медициналық әдебиеттермен және тест бағдарламаларымен жабдықталған оқу симуляциялық орталығы құрылды. Аталған оқу орталығының базасында Ақсу қ., Екібастұз қ., аудандардағы қосалқы станциялардың қызметкерлерін міндетті түрде тарта отырып, медицина қызметкерлерін оқыту үздіксіз жүргізіледі. Аудандарға шығу циклдері ұйымдастырылады, ОАА стационарларының қатысуымен рөлдік ойындар өткізіледі.
2022 жылдың 20 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласынан дәріскер Нұржан Құрманғалиұлы Отарбаевтың «Диспетчерлік қызмет жұмысын стандарттау: қоңырауды ұстап қалу жүйесін енгізу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Аталған семинар-тренингке шақыруларды қабылдау бойынша 30-дан астам фельдшер, сондай-ақ басшының орынбасарлары мен аға фельдшерлер қатысты.
Семинар өте қызықты, аудиожазбаны, бейнероликтерді қолданумен мазмұнды болды.