Жаздың басталуымен және халықтың көші-қонының күшеюімен облыс аумағына карантиндік инфекцияларды әкелу қаупі артады. Жедел жәрдем мұндай жағдайларға алғашқылардың бірі болып жауап береді және науқастың өмірі көбінесе білікті көмекке байланысты болады.
Темір жол көлігінде болған оқу-жаттығулар тактиканы дамыту және этиологиясы белгісіз қызба кезінде көмек көрсету мәселелеріне арналды.Жедел жәрдем оқу-жаттығулары барысында барлық мүдделі қызметтермен өзара іс-қимылда хабардар ету схемасы бойынша ақпараттандыру, пациентке көмек көрсету, инфекциялық стационарға тасымалдау пысықталды.
Құрамында дәрігер А.Аликенев, фельдшер Р. Қазанғапов, жүргізуші М. Жапалбаев, диспетчерлер С. Викулова, С. Коцуренко бар бригада барлық қойылған міндеттерді нақты, кәсіби және барынша қысқа мерзімде орындады.