Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодар облысының тұрғыны көлікте босанды
26-09-2022 09:13

103 қызметіне қоңырау 2022ж.23.09. сағат 03:16-да түсті. Қоңырау шалушы 28 жастағы әйел тас жолда көлікте босанып жатқанын хабарлады. Бірінші санаттағы жеделдік бойынша жақын маңдағы медициналық бригада жіберілді. Дәрігерлер 5 минуттан кейін оқиға орнында болды, бірақ сол кезде нәресте туылған.  Босанған әйелдің әпкесі көмектесті.

 

Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің кіндігін өңдеді, баланы сүртіп, жылытады. Анасының айтуынша, бала бірден айқайлады. Оның шамамен салмағы 3,1 килограмм, бойы-52 сантиметр. Сәби анасымен бірге Облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді.