Павлодар қызметінің 103 қызметкері шақырылғаннан кейін 20 минут ішінде әйелді босандырып алды, анасын баласымен перзентханаға жеткізді.
Жедел жәрдемге шақыру 21 қарашада сағат 05:47-де түсті. Қоңырау шалушылар 34 жастағы жүкті әйелдің толғағы жиі болатынын айтты. 8 минуттан кейін медицина қызметкерлері орнында болды. Науқасты перзентханаға апару туралы шешім қабылданды және тасымалдау кезінде оны босандырып алды.
Жедел жәрдем көлігінде қыз бала туылды- деп атап өтті облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.
Жаңа туған нәресте жылу тізбегін сақтай отырып, анасына берілді. Әрбір реанимобиль осы жағдайда қажетті жабдықтармен жабдықталған.
Сонымен қатар, 103 қызметкерінің барлығы босану техникасында оқытылған.Сағат 06: 07-де анасы мен оның баласы тұрақты жағдайда №1 Павлодар перзентханасының мамандарына берілді.
Биылғы жылы облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері 26 әйелді үйде босандырып алды. 5 жағдайда 103 қызметкерлері көлікте босандырып алуға мәжбүр болды.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.