ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК 2022 жылдың 11 айында оқыту бойынша ақпарат
ШЖҚ «ПОЖМКС» КМК базасында компьютерлік класспен, шұғыл медициналық манипуляциялар техникасын пысықтауға арналған заманауи тренажерлармен, медициналық әдебиеттермен және тест бағдарламаларымен жабдықталған оқу симуляциялық орталығы құрылды. Осы оқу орталығының базасында Ақсу қаласы, Екібастұз қаласы, аудандардың қосалқы станцияларының қызметкерлерін міндетті түрде тарта отырып, медицина қызметкерлерін оқыту үздіксіз жүргізіледі. Аудандарға көшпелі циклдар ұйымдастырылады, ОАА стационарларының қатысуымен рөлдік ойындар өткізіледі.
2022 жылдың 20 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласынан дәріскер Нұржан Құрманғалиұлы Отарбаевтың «Диспетчерлік қызмет жұмысын стандарттау: қоңырауды ұстау жүйесін енгізу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Аталған семинар-тренингке шақыруларды қабылдау бойынша 30-дан астам фельдшер, сондай-ақ басшының орынбасарлары мен аға фельдшерлер қатысты.
Семинар аудиожазбаны, бейнероликтерді қолданумен өте қызықты болды. Оқу құны 750 000 теңгені құрайды.
2022 жылғы 10 мамырдан 20 мамырға дейін «МУС» КЕАҚ Павлодар филиалында «Ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл медициналық көмек алгоритмдері (BLS, ACLS, PALS, PHTLS)» циклі бойынша 2 000 000 теңге сомасына 100 фельдшер санында оқыту жүргізілді. Оқытудың жалпы сомасы 2 миллион 750 мың теңгені құрайды.
2022 жылғы 04 шілдеден 07 шілдеге дейін «Жарақаттар (PHTLS)» циклі бойынша 130 медицина қызметкері (дәрігерлер-6 адам, фельдшерлер-124 адам) оқуды Астана қаласынан келген жаттықтырушы Болат Құрышұлы өткізді.
2022 жылдың 11 шілдесінен 14 шілдесіне дейін «Neonatal Resuscitation Program (NRP): неонаталдық реанимация» циклі бойынша 50 медицина қызметкері (дәрігерлер-15 адам, фельдшерлер-35 адам) оқыды, оқуды Астана қаласынан келген жаттықтырушы Болат Құрышұлы жүргізді.
2022 жылғы 07 шілдеде «Ұшу физиологиясы» циклі бойынша Астана қаласынан келген жаттықтырушы медициналық авиация бөлімшесінің 30 медицина қызметкері (дәрігерлер-22 адам, медбикелер-8 адам) оқуды өткізді.
2022 жылғы 27.10-нан 31.10-на дейін медицина қызметкерлері арасында «Базалық реанимация» - Basic Life Support (BLS), «Кеңейтілген жүрек – өкпе реанимациясы» Advanced Cardiac Life Support (ACLS), «Педиатриядағы кеңейтілген жүрек – өкпе реанимациясы» Pediatric Advanced Life Support (PALS), циклі бойынша оқыту жүргізілді, «Медициналық көмек көрсету 60 адамнан тұратын» Prehospital Trauma Life Support (PHTLS)» жарақаттары кезіндегі ауруханаға дейінгі кезеңде оқыту жүргізілді.
07.11 бастап 10.11.2022 жылға дейін «Қауіпсіз жүргізу. Қиын жағдайларда қауіпсіз жүргізу, «Негізгі реанимация» - Basic Life Support (BLS).
2022 жылдың 10.11 бастап 13.11-не дейін медицина қызметкерлері арасында 30 адамнан тұратын «Neonatal Resusсitation Program (NRP)» циклі бойынша оқыту жүргізілді.
28 қарашадан бастап 60 адамнан тұратын «Негізгі реанимация» - Basic Life Support (BLS), «Кеңейтілген жүрек – өкпе реанимациясы» Advanced Cardiac Life Support (ACLS), «Педиатриядағы кеңейтілген жүрек – өкпе реанимациясы» Pediatric Advanced Life Support (PALS), Prehospital Trauma Life Support (PHTLS)» «Жарақат алған кезде ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету» циклі бойынша оқыту басталды