Павлодар облыстық жедел медициналық көмек станциясында қазақ тілін оқыту бойынша арнайы оқыту кабинеті бар. Кабинетте күн сайын мемлекеттік тілді оқыту сабақтары жүргізіледі.
Сабақта жедел жәрдем шақыру алгоритімі бойынша жаңа сөздермен таныстық. Сабақтың мақсаты: Сұраққа дұрыс жауап беру арқылы , сөздік қорымызды одан әрі дамыту. Осылайша жедел жәрдем қызметкерлері мемлекеттік тілді үйренуге бейімделеді.
Жедел жәрдем диспетчерлерінің жұмыс орнында қазақ және орыс тілдерінде жадынама қағаздары бар. Пациенттің қалауы бойынша шақыру қазақ тілінде қабылдануына болады. Сонымен қатар, «қоңырауды ұстап тұру» алгоритімі екі тілде жүргізіледі. «Қоңырауды ұстап қалу» алгоритімі бойынша нұсқаулықта қазақ және орыс тілінде.
ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-да құжаттары екі тілде жүргізіледі. Яғни мекеменің істер номенклатурасы, Кешенді жоспары, Жарғы, стратегиялық жоспар ж.б. құжаттары екі тілде жүргізіледі. Жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері науқасқа қазақ тілінде қызмет көрсете алады.