![Жедел жәрдем бригадалары «Көктем-2023» РКШО-ға қатысты.](/media/img/blogs/6406a866b542c.jpg)
02-03 наурыз аралығында жедел жәрдем бригадалары «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуге жұмылдырылды.
Оқу тақырыбы: «2023 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» .
РКШО барысында жедел жәрдем бригадалары шұғыл ден қою жасақтары құрамындағы саптық байқауларға қатысты. Сондай-ақ, оқу орындарында су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.