2023 жылғы 13.04 күні ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК басшысының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Ирина Болеславовна Мищенко КТК және «Хабар»телеарналарының журналистеріне сұхбат берді. Ол 9-қабаттың терезесінен құлаған 4 жасар баланың жазатайым оқиғасы болғанын растады. Ол биылғы жылы өліммен аяқталған алғашқы оқиға екенін атап өтті. Балалардың биіктіктен құлауы алдыңғы 3 жағдайы жақсы аяқталды, зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, онда олар жоғары мамандандырылған және білікті медициналық көмек алды.
Әкімшілік.