"ПОЖМЖС" ШЖҚ КМК Оқу орталығының базасында медицина
қызметкерлерін оқыту жүйелі түрде жүргізіледі. Оқу орталығы компьютерлік
сыныппен, шұғыл медициналық манипуляциялар техникасын орындауға арналған
заманауи жаттығулармен, медициналық әдебиеттермен және тестілік
бағдарламалармен жабдықталған.
2023 жылдың 28 сәуірінде Астана қаласынан келген дәріскер Нұржан
Құрманғалиұлы Отарбаев халықаралық оқыту стандарттарына сәйкес «ұшу
физиологиясы және пациенттерді тасымалдау» тақырыбында шеберлік сабақ
өткізді.
Аталған семинар-тренингке медициналық авиация бөлімшесінің 50-ден астам
медицина қызметкері қатысты.
Семинар аудиожазбаны, бейнероликті қолданумен өте қызықты болды.