Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
16 жасар қызды Павлодардан Астанаға медавиациямен жеткізді
24-02-2024 15:11
 
Бірқатар вирустық және аутоиммунды аурулар диагнозы қойылған жасөспірім жер үсті көлігімен елордалық ғылыми орталыққа жеткізілді.
 
Қызды тасымалдауға өтінім облыстық балалар ауруханасынан 23 ақпанда келіп түсті. Науқасты Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандарына тапсыру туралы шешім қабылданды. Медициналық авиация қызметкерлері оны Астанаға 5,5 сағат ішінде жеткізді.
 
Өткен аптада өңірлік жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін медавиация өкілдері бірден 9 өтінімді пысықтады. Дәрігерлер жаңа туған нәрестелерді үш рет тасымалдады, оларда әртүрлі туа біткен аурулар анықталды. Неонатологиялық бригаданың бақылауымен Екібастұздан екі ұл мен Ертіс қаласынан бір қызды облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді. Сол жерге Екібастұздан жүктіліктің 38 аптасында жүрген 39 жастағы әйел жеткізілді.
 
Медавиацияға түскен тағы үш өтініш жүрек-қан тамырлары ауруларымен байланысты болды. Екі рет медициналық бригадалар Екібастұзға аттанды. Сол жерден олар инфаркт алған 69 жастағы әйелді және жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылған 69 жастағы ер адамды облыстық кардио орталығына жеткізді. Ақсудан Павлодарға "жіті коронарлық синдром" диагнозы қойылған 35 жастағы ер адам жеткізілді. 
 
Ақтоғайға медициналық авиация 51 жастағы әйелге кеңес беру үшін барды. Осыдан бірнеше сағат бұрын пациенттің өзі инсульт алғанын анықтаған ауыл дәрігерлерінен көмек сұрады. Бұл жерге реаниматологиялық бригада жіберілді.