Бүгін, 23.10.2024 жылы "ЖКС - синдромының жедел жәрдем кезеңінде шұғыл жағдайларда пациенттерді басқару алгоритмі және жүрек ритағының бұзылуы" тақырыбында оқыту семинары өтті. Сабақтарды С .Асфендиярова атындағы Қазақстан ұлттық медицина университетінің дипломнан кейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор, Беделбаева Гүлнара Ғабдуалиқызы өткізді. Семинарға "ПОЖМЖС" ШЖҚ КМК ауысымнан, орталық станциядан, Павлодар қаласының 1-қосалқы станциясынан, 2-қосалқы станциясынан, Ақсу қаласының 3-қосалқы станциясынан, Екібастұз қ. 4-қосалқы станциясынан және 5 қ/с аудан орталықтарынан 162 медицина қызметкерлері қатысты. Кездесу сындарлы жағдайда өтті: тәжірбиелік мәселелерді шешіп, ЭКГ - ны шешіп, жүрек-қан тамырлары ауруларының өзекті тақырыптарына сұрақтар қойылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев