Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
103 қызметінің ардагеріне сый-марапат
12-12-2024 17:33
103 қызметінің ардагеріне сый-марапат
Тәуелсіздік күні қарсаңында Облыстық жедел жәрдем станциясында медициналық ұжымның салтанатты кездесуі өтті.
 
Әріптестерді алдағы мерекемен құттықтай отырып, 103 қызметінің басшысы Қанадан Ахметжанов бүгінгі таңда тәуелсіз ел халқы үшін ең маңыздысы - тұрақтылық пен қауіпсіздік екенін атап өтті. Ол дәрігерлерге денсаулық пен олардың жұмыстарына сәттілік тіледі.
 
Тәуелсіздік күніне орай Жедел жәрдем қызметкері Мервета Садыкова "Шұғыл көмек ардагері" медалімен марапатталды. Бұл 103-қызметтегі көпжылдық және адал еңбегі үшін Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығының жаңа сыйлығы. Мервета Еркінқызының еңбек өтілі 40 жылдан асады.